2 тонна бауырсақтан ауыз тиіңіз!

21 наурыз 2013, 11:53

2 мың келі бауырсақ, төрт мың литр наурызкөже. Наурыз мейрамында ақтөбеліктер мен қала қонақтарына осындай мәзір ұсынылады. 30-ға тарта киіз үй тігіліп, байқаулар, сайыстар, қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Биыл Ақтөбедегі думанға қаладағы алты аудан бірдей атсалыспақшы. Орталық көшелермен Наурыз керуені жүріп өтеді.
– Наурыздың 18-інен бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябаққа киіз үйлер құрыла бастады. Негізгі мере­келік шаралар 21 наурызда өтеді. Облыс басшы­сы саябақта қала халқын жыл басы – Наурызбен құттық­тайды. Одан бөлек, қала­­дағы мейрамхана, дәмханалар наурыз­­­кө­жеден дәм татуға шақырады, – дейді «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы Маржан Қорғанбаева.
22 наурыз күні облыстық ұлттық-мәдени орталықтары мен зергерлер,  арнайы көрме ұйым­дастырып, облыстық драма театры, қуыршақ театрлары ұжым­дарының қаты­суымен түрлі қойылымдар тегін көрсетілетін болады.