Тәуелсіздік күніне орай 250-ден астам шара өтеді

14 желтоқсан 2013, 13:58

Павлодар облысында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 250-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, аймақтың түкпір-түкпірінде 30-дан астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек.
Халық игілігіне жарайтын әлеуметтік нысандарды тізбектеп берсек. Баянауыл ауданында жаңа балабақша есігін айқара ашады. Павлодар ауданының Ефремовка ауылында жаңа спорт кешенінің тұсауы кесіледі. Железин ауданында «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы ая­сында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қолданысқа енеді. Тағы бір спорт нысаны Успен ауданында бой көтермек. Нақтырақ айтсақ, бұл өлкеде де балалар мен жасөспірімдерге арналған кешен жұмысын бастамақ. Ал Успен және Желе­зин аудандарының елді мекендерінде мә­де­ниет үйлері салтанатты түрде ашылады. Сондай-ақ Лебяжі ауданында жаңа дәрі­герлік амбулатория алғашқы пациенттерін қабылдаса, Павлодар қаласында көпқа­батты үй қолданысқа берілмек.