Марқакөл ауданы қайта құрылса

 Марқакөл ауданы қайта құрылса

Марқакөл – Шығыс Қазақстанның көрсе, көз тоятын тамаша мекендерінің бірі. Тамылжыған табиғатына қызықпайтын жұрт жоқ. Алайда осынау ғажайып өлке жылдан жылға тозып барады. Тұрғындар саны да жыл сайын азайып бара жатқаны белгілі. Марқакөлдің бұрындары өз алдына жеке аудан болған. Алайда тоқырау жылдарында бұл ауданның Күршім ауданымен біріктірілген еді. «Алаш айнасы» интернет-газеті де осы мәселеге алаңдайды.
Бұрынғы Марқакөл ауданы тұрғындары атынан айтайын дегеніміз мына мәселелер еді. Бүгінде Марқакөл өңіріндегі ауылдарда адам қалмай барады. Неге дейсіз ғой? Біріншіден, ауылдарда жұмыс жоқ. Жастарға арналған қоғамдық-мәдени орындар аз. Ондай орындар болмағаннан кейін ауылда жастар да тұрақтамайды. Екіншіден, Марқакөл мен Күршімді жалғайтын жол өте нашар. Жұрт бір сағатта жететін жерге бұл жақтың тұрғындары үш-төрт сағатта әрең жетеді. Әсіресе, науқастанған адамдарға қиын. Жол нашар болғаннан кейін туристердің де бұл жаққа келгісі келмейтіні анық. Егер осы жол жөнделетін болса, Марқакөлдің де Катонқарағай ауданы секілді туризмнің орталығына айналып, Күршім ауданының бюджетіне қомақты қаржы түсіріп, аудан экономикасын еселейтіні сөзсіз.
Марқакөлдің Қытаймен шектесіп жатқан стратегиялық маңызды жер екені белгілі. Алайда бүгінде Қытаймен шекараға жақын маңайдағы ауылдар жалаңаштанып барады. Ертең қалың қытай сыналап кіріп, жаулап ала ма деген қорқыныш та жоқ емес. Дұрысында, шекарадағы ауданда тұрғындар саны көп болуы тиіс еді, өкінішке қарай, бізде бәрі кері кетіп барады.
Бұл тығырықтан шығар бір-ақ жол бар деп ойлаймыз. Ол – бұрынғы Марқакөл ауданын қайта құру. Осыдан бірер жыл бұрын Елбасының шекаралық аудандарға ерекше мән беру жөнінде Үкіметке тапсырма бергенін білеміз. Бұрынғы аудан тұрғындары осыдан үлкен үміт күтіп отыр.
Егер аудан құрылатын болса, бұрын көшіп кеткен тұрғындардың қайта оралатынына біздің күмәніміз жоқ. Егер аудан құрылса, жаңағы айтқан, күннен күнге тұрғындары азайып бара жатқан шекарадағы ауылдарда халықтың санының да көбейетіні анық. Мұның ұлт қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар мәселе екенін естен шығармауға тиіспіз. Бұл мәселені бүгін қолға алмасақ, ертең өкініп қалуымыз әбден мүмкін. Осыған жауап беруіңізді сұраймыз.

Марқакөл ауданының тұрғындары

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста