Дат, тақсыр!

Бөкей ордасы мен Жәнібекке пойыз неге тоқтамайды?

  • Бөкей ордасы мен Жәнібекке пойыз неге тоқтамайды?

    Бөкей ордасы мен Жәнібекке пойыз неге тоқтамайды?

Мен Батыс Қазақстан облысының шалғайда жатқан екі ауданы тұрғындарының өтінішімен қолыма қалам алып отырған азаматпын. «Барайын десем жер шалғай» дегендей, Бөкей ордасы мен Жәнібектен Оралға 600 шақырым. Соның 400 шақырымында асфальт деген атымен жоқ, кәдімгі қара жол. Бұл қашықтық қырық күн шілде мен ақ түтек ақпанда мүлде ұзарып кетеді. Мұндайда Оралға барсақ кері қайта алмаймыз, келсек кете алмай жатқанымыз. «Қонақ келсе үй иесі ұялады», біреудің үйінде он күндеп жату кімге жақсы дейсіз.

Айтайын дегенім – ертеректе біздің екі ауданға пойыз тұрған. «Волгоград-Ақтөбе», «Адлер-Новосибирск» бағытындағы пойыздар аудан тұрғындары үшін рахат болатын. Содан бір жылдары «Мәскеу-Алматы» пойызына тіркелген екі вагонмен Оралға келіп кететінбіз. Қазір соның бәрі бәлдә-бәлду бәрі өтірік болып қалды. Қалай тәуелсіздік алдық пойыз да солай тоқтады. Нақты айтқанда пойыз мүлде тоқтаған жоқ. Бірақ, ешбірі Орда мен Жәнібекке аял қылмай зулап өте шығады. Бұл мәселені шырылдап айтып та, жазып та жүрміз, ешкім нақты ештеңе айтпайды. Жартасқа барып айқайлағандай жаңғырығымыз ғана өзімізге жетеді.

Өткенде Орал жол бөлімшесінің басшысына сауал қойсақ, «оны мен шеше алмаймын, ол аудандар шекарада тұр. Сондықтан пойыз тоқтауы үшін әуелі шекаралық тексеріс қызметін жолға қою керек» деп жауап берді. Апырау, сонда қалай болғаны. Елбасыларымыз адамдар арасында шекара болмайды, барыс-келіс, сауда ұлғаяды деп Еуразиялық экономикалық одаққа қол қойып жатыр. Ал біз болсақ облыстың ішінде қатынай алмай отырмыз. Арнайы пойыз шығармай-ақ қойыңыздар, тек үстімізден өтетін пойыздарды тым болмаса бес минутқа тоқтатып, халықтың облыс орталығына жетуін қамтамасыз етуге болмай ма. Осыған жауап беруіңізді сұраймыз.

Меркен Кенжеғалиев, Жәнібек ауданының тұрғыны




Көрілген: 2302    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 09.06.2014, 17:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30