Дональд Трамптың Қазақстан туын үстіне жамылған суреті желіде тарады (фото)

17 қаңтар 2018, 14:02

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды. 16 қаңтар күні Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, келіссөздер жүргізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Екі басшының кездесуінен соң желіде Дональд Трамптың қазақтың көк туын үстіне жамылып алған суреті пайда болды. «Бүгінгі күннің басты суреті» деп шуласты Қазақстан тұрғындары. Алайда фотоның қолдан жасалғаны немесе шын екені әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Елбасы 16 қаңтар күні АҚШ-қа ресми сапармен барып, Ақ үйде Дональд Трамппен келіссөздер өткізді. Сапар аясында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты 7 миллиард доллардың 20-дан астам коммерциялық құжатына қол қойылған. Екі ел арасында авиация мен ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымды дамыту салаларында байланыс арта түспек.

qamshy.kz