Дат, тақсыр!

Ғаламторда соғыс жылдарынан кейінгі Берлин қаласының видеосы пайда болды

  • Ғаламторда соғыс жылдарынан кейінгі Берлин қаласының видеосы пайда болды

    Ғаламторда соғыс жылдарынан кейінгі Берлин қаласының видеосы пайда болды

 Интернетте соғыс жылдарынан кейінгі Берлин түсірілген "түсті", бірегей видеожазба пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. БАҚ мәліметінше, жазба 1945 жылы шілдеде, Германия тізе бүкеннен кейін 2 ай өткенде жасалған. Айта кетейік, бұл қаланы басып алу үшін Ұлы Отан соғысындағы ең қанды шайқас болды, бұл шайқаста қазақстандықтар да асқан батырлық танытты.


Бұл кадрды Костантин фон цур Мюэлен Kronos Media компаниясының жобасы шеңберінде Интернетке жариялады. 1945 жылы шілдеде Германияның астанасы одақтастар арасында төрт ықпалдастық аймағына бөлінген болатын. Соғыс жылдарынан кейін Берлин көшелерінің атауы орыс тілінде жазылып, ілінді. Ал қала орталығына генералиссимус Иосиф Сталин бейнеленген плакат орнатылды. Кинохрониканың кадрларына Рейхстаг пен Бранденбург қақпасының қираған ғимараттары, сонымен қатар Александерплац орталық алаңындағы қираған үйінділері түсіп қалған.


Сонымен қатар, белгісіз оператор әскери техникалардың қалдықтары мен қаладағы қирандыларды тырмалап жүрген тұрғындарды түсіріп алыпты. Сондай-ақ видеодан жазба басталардың аз-ақ алдында жіберілген қалалық трамвайды көруге болады. Кадрдың жартысы аэрофототүсірудің мәліметі болып табылады, олар аса биік жерден түсірілмеген, сондықтан олар соғыс жылдарынан кейінгі Берлиндегі қирандылар көлеміне баға беруге мүмкіндік жасайды.




Көрілген: 2030    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2015, 15:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30