Дат, тақсыр!

ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл облысында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасында болды

  • ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл облысында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасында болды

    ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл облысында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасында болды

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің хал-жағдайын Тараздағы әскери госпитальға өзі барып білді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Бүгінгі күні әскери госпитальде сарбаздарға қажетті барлық мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген, әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты. Сондай-ақ, әскери ведомствоның басшысы қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Қорғаныс министрі мерт болған азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарына көңіл айта отырып, олардың әрқайсысының өздерінің әскери борышын абыроймен атқарып, әскери қызметтің хас шебері болғанын атап өтті.

Қазіргі кезде Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, анық-қанығына жету үшін тергеуді жалғастыруда.


Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын. Әскери жаттығуларға 23 адам қатысқан екен. Осыған дейін, қаза тапқандардың есімдері белгілі болды.

 




Көрілген: 1199    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.02.2017, 17:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30