Дат, тақсыр!

Өткелсіз ауыл атандық

  • Өткелсіз ауыл атандық

    Өткелсіз ауыл атандық

Құрметті Әсет Өрентайұлы! Құрметті Жеңіс Махмұдұлы!

«Алаш айнасы» порталының редакциясына Алматы облысы Шелек ауданы Нұрлы ауылының тұрғындарынан хат келіп түскен еді. Соған орай, хат мәтінін өзгертпестен мәртебелі министрлердің назарына жеткізгенді жөн санадық:

«Біздің сізге хат жазуымызға ауыл тұрғындары кезігіп отырған мынадай мәселелер себеп болып отыр.

Бірінші. Ауылымыздың тұсынан Қытай Халық Республикасына қарай (Жетіген - Қорғас) теміржол өтеді. Еліміз үшін зор экономикалық маңызы бар теміржолдың ауылымыздың іргесінен өтетініне қуаныштымыз. Бірақ сол теміржолды салу кезінде ауыл тұрғындарының шаруашылыққа қатысты талап-тілектері ескерілмей қалды. Соның ең негізгісі – көлік және мал өтетін теміржол өткелін ауыл халқына ыңғайлы тұстан салу болатын. Өйткені, теміржол ауылдағы малдың негізгі жайылымы әрі қысқы азығын дайындайтын шабындығы болып саналатын сазды алқап пен ауылдың арасын бөліп жатыр.Бұл мәселе кезінде әкімдерге айтылғанымен, түптеп келгенде, халықтың тілегі ескерілмеді. Қазіргі кезде теміржол өткелінің жоқтығынан ауыл тұрғындары иек астындағы шабындығынан шапқан шөбін үйіне жеткізу үшін 10-12 шақырым жол жүруге мәжбүр. Өйткені теміржол өткелі ауылдан алыс, елсіз жерге салынған. Ескі-құсқы техникаға сүйеніп, өз тіршілігін өзі істеп, ешкімге қол жаймай күнелтіп отырған ауыл тұрғындарының машақаты осылай көбейіп отыр.

Осыған байланысты Сізден Нұрлы ауылының тұсынан, халық сұраған жерден теміржол өткелінің (көлік және мал өтетін) салынуына ықпал етуді сұраймыз.

Екінші. Қазір ауылымыздың тұсында аталған теміржолмен жапсарласа «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізін салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл құрылыстың да еліміз үшін, оның бойындағы елді мекендер үшін игілігі мол болатынына кәміл сенеміз. Сонымен қатар, жоғарыда аталған проблема осы жол құрылысында да ескерілмей қала ма деген алаңдаушылығымыз бар. Ауыл шаруашылық техникалары мен мал өтетін өткел мәселесі ауыл тұрғындарымен келісе отырып шешілсе дейміз.

Құрметті Асылжан Сарыбайұлы!

Ауылдағы үшінші басты мәселе - ауыз су. Елбасы өткендегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыс су мәселесін Өзіңізге қатаң жүктегені белгілі. Осыған орай, Сіздің назарыңызды аударғымыз келеді. Ауылымызда кезінде әр үйдің ішіне дейін құбырмен келіп тұрған ауыз су ауылымызға қазір екі күнде бір рет қана беріледі. Соның салдарынан су құбырларының жүйесі бүлініп, судың сапасы нашарлаған. Құрт шығатын кездері де болатындықтан, ауыл тұрғындарының түрлі дертке шалдығу қаупі зор».

Хат соңына елу шақты ауыл тұрғыны қол қойған. Сонымен қатар, нұрлылықтар жағдайды көзбен көріп, мәселенің мән-жайын ауыл тұрғындарының өз аузынан есту үшін министрлік өкілдері ауылға келсе деген тілек те айтады.




Көрілген: 2400    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.08.2014, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30