Дат, тақсыр!

Перуашев пен Сәрінжіпов арасындағы дауға нүкте қойылды

  • Перуашев пен Сәрінжіпов арасындағы дауға нүкте қойылды

    Перуашев пен Сәрінжіпов арасындағы дауға нүкте қойылды

Мәжілісмен мен министр арасындағы дауға полицейлер нүкте қойды. Ішкі істер министрлігі депутат Азат Перуашевтың Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке қатысты арызын кері қайтарып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Сотқа дейінгі тексеру жүргізген сақшылар Сәрінжіповтың сөзінен қылмыстық әрекет таппапты.


Жалпы дау мәжілісте қаралған жоғары оқу орындарын аттестациядан босатып, аккредитациядан өткізуге қатысты заң жобасынан басталған еді.


«Ақ жол» партиясының жетекшісі «дәл осы саланы игере алмай отырсың» деп, Білім министрінің отставкаға кетуі керектігін айтқан болатын.


Ал Сәрінжіпов Перуашевтың өзін жеке университеттердің қызығушылығын қорғап жүрген «лоббист» деп салды. Бұны естіген мәжілісмен шалқасынан түсті.


Сөйтіп, «ар-намысыма кір келтірді, жұмысыма кедергі жасады» деп министрдің үстінен Бас прокуратураға шағымданды. Сол арызды сақшылар екі айдан аса қарапты. Қылмыстық әрекет таппаған соң істі сотқа жеткізбей тоқтатқан.


Жалпы Перуашевты Сәрінжіпов ғана емес, бұған дейінгі Білім министрі Бақытжан Жұмағұлов та «лоббист» деп атаған еді. Ол кезде депутат дәл бұлай шамданбаған. 




Көрілген: 2085    Пікірлер: 0

сенбі, 15.08.2015, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30