Дат, тақсыр!

"Саяжайлар" тұрғындарының зарына құлақ асар жан бар ма?

  • "Саяжайлар" тұрғындарының зарына құлақ асар жан бар ма?

Қаланың дәл іргесінде болғанымен қараусыз қалған елдің мұңы жанымызды жегідей жегендіктен тұрғындардың қолқалауымен осы материалды әзірлеуге мәжбүр болдым. Кезінде бос жатқан Көкшетау мен Краснояр селосының арасындағы күре жолдың қос қапталына қазір бір қауым ел қоныстанып алған. Қазіргі күнге дейін осы арада тұратын жұрттың қарасы кемінде 4 мың адамға жетіп жығылды. Тіпті жыл санап көбейіп те келеді. Көпшілігі ауылдан қалаға жұмыс іздеп келіп, үйді осы арадан салып алған ауыл тұрғындары.


Алайда, жылдар өтсе де осы жердегі тұрғындардың мұң-зары биліктің құлағына жетпей-ақ келеді. Жолдарымыз шұрық тесік. Автобус қатынасы жолға қойылмаған. Ашынған жұрттың бармаған жері, баспаған тауы да қалмаған. Ең бастысы мектеп мен балабақша мәселесі қиын болып отыр.

Қала және облыс әкімдеріне 2011 жылдан бастап мәселені айтып кіріп жүрміз. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Бірінен соң бірі ауысқан облыс әкімдерінің өзі келіп уәдесін берсе де әлі күнге мектеп пен балабақша салынатын емес. Қазір мектеп жасындағы бес жүзден астам бала бар. Екі жүзге жуық бала балабақшаға баруы тиіс. Бірақ олар пәленбай шақырым жердегі мектептерге барып оқуға мәжбүр. Анау алаңқай жерде мектеп саламыз деп арнайы қалдырған орын бар. Осыдан бір жылдай уақыт бұрын облыс әкімі қызметінен жуырда ауысқан Қосман Айтмұхаметов уәде беріп кеткен еді. Бірақ салып шығу әлі биліктің назарына түспей отыр. Жаз болса жолдың шаңы шығып, қыс болса қарға көміліп қалса, жауынды күндері сазға батып та қаламыз. Бірақ бізді ешкім еске де алар емес.

Тұрғындардың қалаға қатынауы да мұңға айналды. Таяқ тастам жер болса да Көкшетауға жету үшін шеттегі оқушылар мен жұмыс істейтін адамдар сағаттап аялдамада сарылып тұруға тура келеді.

Тұрғындардың ең қиналатыны қалаға баратын қоғамдық автобус көліктері Красный яр кентінен толып келіп «саяжайлар» деп аталатын аялдамалардың бірді-екісіне тоқтап қалғанына тіпті қайырылмай кетеді.

Бізді ең қатты алаңдататыны күре жолдың бойындағы адам өлмімінің көбейіп кетуі болып отыр. Тіпті осы аймақта тұратын жұрт жол бойын «ажал жолы» деп те атап кеткен. Оған себеп те бар. Жол бойындағы көліктер қатты жылдамдықпен жүреді. Соңғы үш жылдың ішінде ғана 8 адам ажал құшты. Жолдың екі жағына жаяу жүргінішілер белгісін қойған болды. Бірақ оған қарап жатқан ешкім жоқ.


                 youtube.com сайтынан алынған


Сонымен қатар біз тұратын жердің әлі күнге дұрыс атауы жоқ. «Саяжайлар ауданы» деп атайды бізді. Былтыр осы жерде Абылайхан бабамыздың 300 жылдығы атап өтілді. Сол кезде бірнеше ақсақалмен топтасып алып, осы шағын аудандға Абылай хан атын бермеске деп облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовке кірдім. Бірақ бұл мәселе де әлі күнге шешімін табар емес.

Сізден толғағы жеткен осы мәселелерді шешіп беруіңізді өтінеміз. Айғайлай-айғайлай даусымыз да қарлығып болды. Үміт күтіп Сізден осы мәселеге толыққанды кірісіп, мәселені тезірек шешіп береді деген үміттеміз.


Сәрсенбай СЕРДАЛИН, Көкшетау қаласының тұрғыны




Көрілген: 1568    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.06.2014, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30