Дат, тақсыр!

Тараз топан су астында қалуы мүмкін

  • Тараз топан су астында қалуы мүмкін

    Тараз топан су астында қалуы мүмкін

Соңғы кезде еліміздегі су қоймаларының жайы халықты қатты алаңдатып отырған жайы бар. Жасыратыны жоқ, тіпті елдегі су сақтайтын платиналардың көбісінің жағдайы сын көтермейді. Мысалы, биылғы жылы Көкпекті апатынан соң Қарағанды облысында иесіз жатқан 102 су қоймасын мемлекет қарамағына алу жұмыстары басталды. Жергілікті билік бұл жұмысты жыл соңына бітіруге бекініп отыр. Осыдан төрт жыл бұрынғы Қызылағаш оқиғасын да халық әлі ұмыта қойған жоқ. Осыған орай «Алаш айнасы» интернет-басылымы арқылы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа нақты мәселелерді ашып көрсеткім келіп отыр.

Құрметті Нұрлан Жамбылұлы, Кәрім Нәсбекұлы, сіздер жақсы білесіздер, кез келген су торабы стратегиялық нысан болып табылады. Өйткені су бар жерде қауіп бар. Қауіпті жер қашан да стратегиялық маңызға ие.

Жалпы, гидронысандар мынадай дәрежеге бөлінеді: халықаралық, мемлекетаралық, облысаралық маңызы бар, аймақаралық, ауданаралық маңызы бар және жеке кәсіпорындарға қарайтын жобалар болып бөлінеді. Сондықтан да қазір үлкен-кішілігіне қарамастан, әрбір су торабының жұмыс тәртібі мемлекет тарапынан бақылануы керек. Қанша су жинау, қаншасын қалдырып, қаншасын ағызу керек – осының бәрін мемлекет қадағалап, реттеп отыруы қажет. Су ресурсына мемлекеттен басқа ешкім де қожалық ете алмауы тиіс. Қазақстанда 100 миллиард текше метр су болса, соның барлығы да заң бойынша мемлекет меншігі болып табылуы тиіс. Міне, біз осы мәселені сауатты реттеу арқылы жүргізе алмай отырған тәріздіміз.


 ©Алаш айнасы инфографикасы

Мен жоғарыда гидронысандарды дәрежеге бөліп-бөліп айттым. Соның ішінде мемлекетаралық гидронысандар барын да атап өттім. Егер біз «Қазақстан экономикасын тұрақты негізде дамыта аламыз» десек, әсіресе мемлекетаралық гидронысандарға өте абай болғанымыз жөн. Мысалы, Тараздан жоғары тұратын Қырғыздың платинасы Киров бізге айрықша қауіп төндіріп тұр. Егер платинаға қауіп келсе бүкіл Таразға суға кету қатері төнеді. Тараз су астында қалады. Құдай бетін аулақ қылсын! Қырғыздар қызу қанды халық қой. Қырғызбен де бірлескен саясат керек. Кезінде Кеңестік кезеңде министрлікте жұмыс істегенде өзбекпен салыстырғанда қырғызбен тіл табысу қиын екендігін байқадым. Әсіресе су азайғанда мәселенің тым қатты күрделеніп кететіні бар.

Егер Киров су қоймасына қауіп келсе қала маңындағы елді мекендерге орны толмас зардап әкеледі. Тараздан небәрі 20 шақырым жердегі қойма суы әп-сәтте бүкіл қаланы ағызып әкетері сөзсіз.

Осы жерде басымдық беріп айтатын нәрсе: Талас өзенінің жылдық су қоры 1,6 млрд текше метр, осының 0,8 млрд суы біздің еншімізде, яғни өзен суының 50 пайызын біз, 50 пайызын қырғыздар пайдаланады. Негізінен, бұл жерде Киров су қоймасынан қырғыздар Манас ауданын қамту үшін ғана су алады. Киров су қомасы негізінен Қазақстанның мақсаты үшін жұмыс істеп тұрған дүние. Сондықтан бұл су қойманың тұрақтылығы жақсы жұмыс істеп тұруы біз үшін маңызды болуы тиіс. Ендеше мен маман ретінде Үкімет төменде айтылатын ұсыныстарға назар аударса деймін:


А) Су қоймасының жұмыс істеу кестесін қайта қарау керек. Бұл қойманың салынғанына 40 жыл болды. 40-50 жылда темір де тозады, ел де жаңарады. Сондықтан бірінші кезекте осыны ескеру қажет.


Ә) Егер платинаны күрделі жөндеуден өткізуге қаржы қажет болса, Қазақстан Үкіметі қаржы қарастыру керек. Бұл платина Қырғыз елінің балансында тұр. Бірақ екі елге ортақ қолданыстағы қойма болғандықтан тиісті қаржыны қарастырудан Қазақстан бас тартпауы қажет. Тіптен елдің қауіпсіздігін ойлайтын болсақ Қазақстан тарабы Қырғыз еліне «біз халықтың қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз, бөгеттің жөнделуіне қанша қаржы қажеттігін арнайы топ тексерсін, біз қаржы бөлеміз» деген ұсыныспен шығуы керек.


Б) Бұдан соң бұл су қоймасы бүкіл Тараз қаласының барлық өндіріс орындары мен 400 мың халқы бар аймаққа қауіп төндіріп тұрғандықтан платинаны бақылау күзету ісінің қауіпсіздігін қатты қадағалануы керек. Бұл нысандардың аумағында арнайы күзет тұруы тиіс. Тіптен күзет ісіне қандай қаражат қажет, осыны да назарға алу керек. Қырғыздар келіссе, Қазақстан тарабын да күзетке араластыруға қол жеткізуге мүмкіндік алуға тырысу қажет.


В) Жалпы, су қоймасы арқылы қырғыздардың аздаған ауыл-аймақтары бақша өсіріп, оны көршілес қазақ жеріне әкеліп күн көріп отыр. Алайда, су қоймасының қауіпсіздігі Қырғыз бауырларды онша толғантпайды. Өйткені, апат бола қалған жағдайда қырғыздар емес, негізінен қазақтар зардап шегеді. Осыған орай, су қоймасы қырғыз жерінде, солардың иелігінде деп қамсыз отырғанымыз ауыр зардаптарға ұшыратуы мүмкін. Осы тұрғыда Қырғыз үкіметімен бірлесе су қойманың қауіпсіздігін заңдастыруға қол жеткізу қажет.


Г) Жағдайдың маңыздылығын ескере отырып, үкімет тарапынан арнайы тексеру жүргізіп, қауіпсіздік шараларын іске асыру үшін комиссия құрылуы керек.


Д) Қорыта айтқанда жедел басқару мүмкіндігін арттыру мақсатында қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен қырғызстандық Киров су қоймасына қажетті жөндеу жұмыстарын бірлесе атқарып, міндетті түрде арада радиобайланыс орнату керек.


Құрметті Нұрлан Жамбылұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің атауын Қоршаған орта және су ресурстарын қорғау деп тектен-текке өзгерткен жоқ. Сіздің министрлікке «тұтынушыларға суды жеткізіп беру, жерасты суларын және республикадағы су ресуртарын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеттері мен өкілеттіктері» берілген. Сондықтан аға буын ретінде алдыңызға осы мәселені қоюға тура келіп отыр. Үкімет мүшесі, ел азаматы ретінде аталған проблемаға назар аударып, жоғарыда аталған ұсыныстарды ескереді деп сенемін.


Нариман ҚЫПШАҚБАЕВ,

Мемлекетаралық сушаруашылық

үйлестіру комиссиясы ғылыми-ақпараттық

орталығы Қазақ филиалының директоры,

Қазақстан су серіктестігі қоғамдық

қорының төрағасы, Қазақ КСР-ы кезіндегі

мелиорация және су шаруашылығы министрі




Көрілген: 4182    Пікірлер: 23

сәрсенбі, 18.06.2014, 14:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31