Сауд Арабиясы 2022 жылдан бастап "Sputnik V" вакцинасын салғызған шетелдік азаматтарға елге кіруге рұқсат бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сауд Арабиясы Sputnik V вакцинасын салғызғандар бара алатын 102 елдің қатарында", - делінген хабарламада.
Елге кірген кезде "Спутник V" вакцинасын алған адамдар 48 сағаттық карантиннен өтіп, ПТР-сынамадан өтуі керектігі айтылған.
"Sputnik V" вакцинасы салғызғандар Мекке мен Медина қалаларындағы исламның қасиетті жерлеріне қажылық жасай алады. Бұл шешім елге келетін туристердің санын арттыруға бағытталан.