Ислам діні

"8-9 жасынан хиджапқа орап, мектепке жібермей қояды": Теріс ағымға кірген күйеуінен қорлық көрген әйел

  • "8-9 жасынан хиджапқа орап, мектепке жібермей қояды": Теріс ағымға кірген күйеуінен қорлық көрген әйел

Алматыда теріс діни ағымның кесірінен 400-ден астам адам зардап шегіп отыр. Бұл статистиканы қалалық әлеуметтік даму басқармасы келтірді. Олардың дені – дер кезінде кеңес көмегіне жүгініп, оңалту орталығынан көмек сұрағандар. Арасында серігімен діни ұстанымына ажырасқандар да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Бет-жүзін жасырған Юлияның айтуынша, күйеуі бір күнде өзгеріп сала берген. Бұған теріс ағымның жетегінде кетуі себеп болған екен. Бастапқыда ол Юлиядан жұмыстан шығуын талап еткен. Тіпті, үйде отырған кезінде үйден бір қадам аттап басуға тыйым салған. Қыздарын да мектепке жібермей қойған. Осыдан кейін Юлияның шыдамы таусылып, ақыры күйеуімен ажырасып тынған.


«Балалардың не жазығы бар екенін түсінбеймін. Екеуі де қыз бала. Оларды да дін жолына салып, белгілі бір тәртіппен жүріп-тұруға мәжбүрлегісі келді. Иә, олар, әу бастан, қыз балаға білім алудың керегі жоқ деген пікірде. Айтуларынша, қыз баланың міндеті – күйеуге шығып, дүниеге сәби әкелу. Оның өзінде олар дін жолындағы ер адамға күйеуге шығуы керек. 8-9 жасынан хиджапқа орап, мектепке жібермей қояды», - деді ол.


Бүгінгі таңда Юлия балаларын өз қамқорлығына алуы үшін көптеген құзырлы органның табалдырығын тоздырып жүр. Іштей қыздары әкесінің ықпалына түсіп қала ма деп қорқады. Жуырда ол Алматы әкімдігі жанындағы оңалту орталығынан көмек сұрап, олардың қызметіне жүгінген.


«Иә, расымен де, ол кісі бізден көмек сұрап келді. Ресми түрде күйеуімен ажырасқан. Алайда қазір күйеуі балаларды өзім аламын деп таласып жатыр. Мұндайда ең қиыны – адамдардың кімнен көмек сұрау керектігін білмеуі. Біз оған көмек қолымызды созып, заң жағынан кеңес бердік», - деді Алматы қоғамдық даму департаментінің басшысы Ерғали Қошеке. 




Көрілген: 864    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 23:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31