Ислам діні

8 жасар қари қажылыққа баратын болды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Елордадағы республикалық маңызы бар «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы ұйымдастыруымен қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан ІХ республикалық байқауы аяқталды.

 

Еліміздің әр өңірінен іріктеліп келген 72 үміткер бақтарын сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегелерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ел ағалары, ұлт зиялылары Өмірзақ Озғанбаев пен Мырзатай Жолдасбек, сондай-ақ, дін жанашыры, жарысқа демеушілік жасаған Бахардин Аблязимов арнайы қатысты.

 

Қарилар жарысының қорытындысы індеттің тырнағына ілініп, өмірден өткен отандастарымыздың рухына Құран бағыштаудан басталды. Жас қарилар қатым түсіріп, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміз бен жеріміздің амандығы үшін арнайы дұға жасады.

 

Мешіттің ортасына дөңгелене отырған қаридардың барлығы да жас шамасы 30-дан аспағандар. Барлығы да Алланың сөзін жатқа біледі. Көздеріне нұр, жүздерінде мейірім бар. Көрсең көзің тояды.

 

Ғасырға жуық уақыт Құдайсыз қоғамда өмір сүрген еліміз ата діні исламнан біраз ажырап қалғаны сөзсіз. Соның зардабын бүгінде тартып-ақ жүрміз. Исламның, діннің игілігі мен мазмұнын толық түсінбеген, алған білімдері мен үйреткен ұстаздары күмән тудыратын кейбір қандастарымыз ел арасында біраз бүлік салып жүр. Солардың кесірінен ер азаматтың көркі саналған сақал мен аналарымыз тартатын жаулықтың қадірі қалмады. Тіпті сақалы бар еркек пен орамал таққан әйел көрсе үрке қарайтын деңгейге түстік. Бұның себебі, білімсіздіктен екенін имамдар айтып-ақ жүр. Әрі бұл келеңсіздіктің орнын толтыру үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінгі Құранды жатқа атып отырған жастар сол еңбектің жемісі деуге болады. Бұл жеткіншектердің барлығы да өз елімізде, өз ағаларынан білім алғандар. Арасында мектеп табалдырығын енді ғана аттаса да Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқитын 8 жасар қари бала бар екен. Осыларға қарап отырып, ел аман болса енді бір он жылдан кейін ұлтымыздың тарихын, мәдениетін, әдебиетін бойларына сіңірген, ешкімге дес бермейтін дін ғалымдары мен ишандар шығатын шығар деген ойға келесің.

 

Екі күнге созылған қарилар жарысының бас жүлдесі мешіттің кіреберісінде тұрған су жаңа автокөлік. Өзгелеріне де қомақты қаржылай сылық тағайындалған. Енді сол жеңімпаздарды марапаттау үшін ортаға бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шақырылды.

 

 

Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттап қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Қазіргі пандемияға қарамастан, алтын уақыттарын бөліп келген ел ағалары Өмірзақ Озғанбаев, Мырзатай Жолдасбек, Ғарифолла Есім ағаларымызға және осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Нұр-Сұлтан қаласының өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен демеуші болған азаматтарға алғысымды білдіремін. Қатысушылардың өнерін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасындағы Кәмілжан, Сәдуақас, Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре және Жұманазар қариларға да рахметімді айтып, Алла жар болсын демекпін. Осы отырған жап-жас қариларымыз өздеріңіз секілді білімді, абыройлы азамат болып өссін!, &ndash деді бас мүфти марапаттау сәтінде.

 

Қазылар алқасы үміткерлерді 4 аталым бойынша марапаттады. Олар: Мәнерлеп оқу, Құранның 10 парасын жатқа оқу, Құранның 20 парасын жатқа оқу және Құранның толық 30 парасын жатқа оқу аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

 

Жарысқа қазылық қылған кісілердің барлығы да елге белгілі қарилар. Сол қазылардың шешімі бойынша Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан бірінші орынды (500 000 теңге) Талдықорған қаласынан келген Рапих Фарух иеленсе, екінші орынды (300 000 теңге ) Қарағандылық Сабыржан Мұхаммед Аипжанұлы еншіледі. Ал, үшінші орынға (150 000 теңге) Шымкенттен келген Рысбек Әділет Салауаткерейұлы ие болды.    

 

Екінші аталым, Құранның 10 парасын жатқа айтудан бірінші орын (1 000 000 теңге) Жамбыл облысының тумасы Абдилазиз Абдулбақи Сауронбекұлына берілді. Екінші орын (750 000 теңге) Игілік Исламнури Сержанұлына және үшінші орын (500 000 теңге) &ndash Ығылман Мұхаммед Владимирұлына тапсырылды.

 

Үшінші аталым, Құранның 20 парасын жатқа айтудан бірінші орынға (1 500 000 теңге) Алматылық Кенешбай Қуаныш Нұрланұлы лайық деп танылды. Екінші орын (1 250 000 теңге) елордалық Сейтқасым Ерқанат Серікұлына, ал үшінші орын (1 000 000 теңге) Ақтөбеген келген Тасболатов Бекзат Дулатұлына берілді.

 

Төртінші аталым, Құтанды толық 30 парасын жатқа оқудан бас жүлде иегері атанған Солтүстік Қазақстан облысынан келген Тұрсынов Абдулғоффар Махмуджанға автокөліктің кілті тапсырылды.

 

Бұл аталым бойынша екінші орын (2 000 000 теңге) Мырзагелді Иманәлі Бейбітұлына, үшінші орын (1 500 000 теңге) Абишев Қуаныш Тоқсанбайұлы бұйырды.

 

Сондай-ақ жарыстың ең жас қатысушысы, 8 жастағы Сейтқасым Нұртілеу Серікұлына «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша ата-анасымен бірге кіші қажылыққа баруға жолдама берілді.

 

Құранды оқу, жаттау, үйрену &ndash бұл ізгіліктің ең ұлысы. ҚМДБ ұйымдастыруымен қариларымызды ізгілікке бастау, шыңдау мақсатында осындай үлкен жарыс өтіп отыр. Қасиетті Құранды жиі оқу елімізге, жерімізге Алланың мейірімінің түсуіне себепші болады, сонымен қатар, осындай іріктеулер арқылы халыраралық, әлемдік деңгейде өтетін қарилар сайысына қатысатын жастарды анықтауға көмектеседі, &ndash дейді қазылар алқасының мүшесі Еркінбек қари Шоқай.

 

Еліміздің әр түкпірінен жиналған 72 қаридың ішінен оза шауып бәйгенің бас жүлдесін алған Абдулғоффардың жүрегі жарылардай қуанып тұрғанымен сырт көзге білдірмей, сабырлы қалпынан танбай бірінші Аллаға және осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарына алғысын білдірді.

 

 

Осындай дәрежеге жеткеніме Аллаға сансыз шүкір етемін. Алланың қалауымен бүгін жүлделі болып тұрмын. Бұған ұстаздарымның және ата-анамның еңбегі зор. Сол кісілердің себепші болуымен Алланың кәләмі болған қасиетті Құран Кәрімді жаттап шықтым. Алла елімізде қарилардың көп болуын нәсіп етсін. Бүгінгі сайысқа қатысқан қарилардың барлығы да мықты. Болашақта әлемік дәрежеге жетсе екен деп тілеймін, &ndash деді Абдулғоффар Тұрсынов.

 

Республикалық байқауба бақ сынағандар арасында ағайынды Сейтқасым Нұртілеу мен Сейтқасым Ерқанат та бар. Олар былғы қарилар сайысының ең жас қатысушылары. Нұртілеудің жасы не бәрі 8-де болса, ағасы Ерқанаттың жасы 11-де. Бұл қатысушылар да жүлдеден құр қалған жоқ.

 

 

Екеуміз де Құранның 20 парасын жаттадық. Құран жаттауға әкеміз көмектеседі. Әпкеміз де біздің жаттағанымызды тексеріп отырады. 4-5 жасымыздан бастап Құран жаттауды бастадық. Дайындық кезінде күніне он парадан оқимыз. Құран жаттау сабағымызға еш зиянын тигізбейді, барлық пәнді беске оқып жүрміз, &ndash дейді кішкентай қарилар.

Сондай-ақ, екі күнге созылған қарилар байқауы барысында діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ұлы дала Құрандары» атты Құран көрмесі де ұйымдастырылды.

 

Көрмеге әр жылдары басылып шыққан Құран Кәрімнің қазақша аудармалары, тәпсір кітаптары, 1910 жылы жарық көрген араб тіліндегі Құран кітабы, тәжуид қолжазбалары қойылған.

 

 

baq.kz




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қараша, 15:37
    Қырық жастың дұғасы
    26 Қараша, 19:00
    Мұсылманша түс жору
    24 Қараша, 12:46
    Нарды ойнау харам ба?
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30