8 наурыз әйелдер күнімен құттықтау күнә ма?

8 наурыз әйелдер күнімен құттықтау күнә ма?

«8 наурыз мейрамымен құттықтау күнә ма» деп тұрсаңыз, оның күнәсі жоқ. Адамға жақсы тілек білдіргені үшін күнәға батып, тозаққа кіреді деп айта алмаймыз. Құттықтау - тойлау емес.

"8 наурыз" шариғи бір мейрам емес екендігі баршаға мәлім. Ол қоғамымызда орын алған құбылыстардың бірі. Шариғатта әйел адамына деген құрметтің қаншалықты екенін айтпасақ та белгілі. Мұсылмандар әр күні әйел кісілерге құрметпен қараулары тиіс.

Әйтсе де, әрбір қоғамда аса маңызды деп білген дүниелерді ерекшелендіріп, оларға арнайы бір күн арнап жатады. Мысалы, біздің елде «Тұңғыш Президент күні», «Балаларды қорғау күні», «Республика күні», «Конституция күні» т.б. атаулы күндер бар. Мұндағы мақсат - олардың маңыздылығына, қоғамдағы айрықша мәртебесіне, құндылығына назар аударту болып табылады. Сол сияқты, өмірімізде өзгеше орны бар аналарымызға да бір күнді арнап, сол күнді атап өтіп жатса, оның ешбір ағаттығы жоқ. 

Тағы да қайталап өтелік, 8 наурыз мейрамы шариғи бір мейрам емес. Құттықтауға ешкім міндеттелмейді. Бірақ, қоғамымызда орны бар айрықша күн ретінде әлдебір мұсылман кісі анасын немесе жарын яки әріптесін не ұстазын (шариғат шеңберінде) құттықтап жатса, оған бола күнәға батады деп айту қиын.

Аталмыш мейрамның шығу тарихы жайында түрлі деректер кездеседі. Дегенмен, тек қана шыққан тарихына қарап, кей дүниелерді харамға шығару қате тәсіл. Олай болса, 22 наурыз мейрамымен құттықтаудың үкімі не болмақ?! Наурыз мейрамының шығу тарихы Исламға дейінгі уақытқа тура келеді. Бұл мейрам "отқа табынушылардан" немесе "шаманизм" сеніміндегілерден бастау алуы мүмкін. Алайда, қазіргі таңда аталып өту мақсаты мүлдем өзгерген. Бұрынғы сенім-наным белгілері жойылып, құр дәстүрлі мейрам ретінде қалыптасты. Сол себепті, Наурыз мейрамын тойлау - шариғатқа қайшы емес дейміз. 8 наурыз әйелдер күні мейрамының бүгіңгі қоғамымыздағы халі де дәл солай. Фиқһта "Харам деген үкімге итермелеген себептін жойылуы нәтижесінде, оның харам үкімі де жойылады" дейтін мағынада қағида бар. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста