Адамды әулие ететін 5 қасиет

Адамды әулие ететін 5 қасиет

Ғұлама Хафиз Суюты (Алла ол кісіні мейіріміне бөлесін) былай дейді: "Егер баланың бойында болатын осы бес қасиет үлкен адамда болса, онда ол кісі Алланың сүйікті құлдарының біріне айналар еді!"

 

БІРІНШІ: Ризығына алаңдамайды;

 

ЕКІНШІ: Ауырса Құдайға шағым айтпайды;

 

ҮШІНШІ: Тамақты көппен бірге отырып жейді;

 

ТӨРТІНШІ: Бір нәрседен қорықса, көзінен жас ағады;

 

БЕСІНШІ: кек сақтамайды, яғни біреуге ренжісе тез ұмытып кетеді.

 

("Хусн әл-мухадара", 1/521) Шынында да, "ертең не болады, ертең аш қаламын" деп жүріп, несібені Құдайдың беретінін ұмытып кетіп жатамыз.

 

Алайда, Алла Құранда: "Кім Алладан (Оның тыйғандарынан) қорқып, сақтанса, Ол оған бір шығатын жол пайда қылады. Әрі оны ойламаған жерден ризықтандырады", - деп уәде берді емес пе? («Талақ» сүресі, 2,3-аяттар) "Алла бекіткен ризықты менен ешкімнің тартып ала алмайтынына көзім жеткенде жүрегім тыныштық тапты" деген екен бір ғұлама.

 

Ендеше, пешенемізге жазылған ризық Алланың қалауынсыз бізді айналып өте алмайтынына, ақшаны да, тамақты да Құдайдың беретініне еш күмәнданбағанымыз абзал. Ауырған кезімізде де Құдайға шағым айтып, ауруымыздың үстіне ауру жамамай, әр ауруды күнәларымыздың өтемі деп қабылдасақ, бұл сынақтан оп-оңай-ақ құтылар едік.

 

Пайғамбарымыз (ﷺ) : «Мұсылман басына не түссе де, шаршау-шалдығу, дерт, қайғы, сәтсіздік, күйзеліс, немесе, тіпті, тікен кірсе де, Алла Тағала бұл арқылы оның бір күнәсін сөзсіз кешіреді», - деп айтқан.

 

oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста