Ислам діні

АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Төрт шадиярдың бірі - әзіреті Оспан әскер бастап, жорыққа бара жатады. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа шашыратып қуады.

 

Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалады. Оның кісінеген даусын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналады. Оспан да серіктерін ертіп жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Оспан адыраспанды дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады.

 

Елге келген соң, Мұхаммед пайғамбарға болған жайды баяндайды.

 

Пайғамбар:

 

  - Бұл шөптің аты қалай? – деп сұрады Оспан.

 

 - Мұны адыраспан деп атадым, - деді Пайғамбар

 

 - Тәңірім бұл шөпті себеп қылып, бір апаттан сақтапты. Бұдан кейін де адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін! – деп, аят оқып, шөпке дем салған екен.  Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты.

 

Осыған орай ел ішінде:

 

Ассалаумағалейкум, адыраспан,

 

 Атыңды қойған екен Әзіретті Оспан.

 

Пайғамбар дұғасынан нәр алған соң,

 

Өзіңе келіп тұрмын жол алыстан, - деген сөз қалыпты.

 

 

 

«Экософия немесе киелі табиғат» кітабынан

mazhab.kz




Көрілген: 1257    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 08:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30