Ақ үйде құран оқылды

02 мамыр 2023, 08:40

«Игіліктің ерте-кеші жоқ». АҚШ президенті Джо Байден мұсылмандарды Рамазан айының аяқталуымен және Ораза Айт мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Ақ үйде Мұхаммед пайғамбардың жергілікті үмбетін қабылдады. Президент резиденциясындағы жиынды имам Мақдум Зиә Құран оқумен бастады.

 

Джо Байден, АҚШ президенті:

 

- Рамазан адамды Құдайға және бір-біріне жақындатады. Күні бойы ауыз бекіту арқылы бір-біріңізді қолдайсыздар. Аш адамдарға тамақ бересіздер. Ораза аяқталған соң жаңа киім киіп, үйді безендіріп, тәттілермен Айт мейрамын атап өтесіздер. Мұсылмандар - еліміздің іргесін қаласқан адамдар. Олар азатттық үшін соғысқа да белсене қатысты. АҚШ-тың тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мұсылман мемлекеті - Марокко таныған болатын. Біз Исламофобияның барлық формасына қарсы тұруымыз керек. Бұл менің әкімшілігімнің негізгі басымдығы. АҚШ-та 3,5 миллион мұсылман бар қазір.