Ислам діні

Ақыретте Аллаһ Тағаланың көрінуі (руятуллаһ)

  • Ақыретте Аллаһ Тағаланың көрінуі (руятуллаһ)

    Ақыретте Аллаһ Тағаланың көрінуі (руятуллаһ)

Ақыретте Аллаһтың көріну мәселесі өзекті тақырыптарының бірі. Бұл тақырып көбіне әһли сүннет пен мұғтазила мәзһабының арасында ұзақ жылдар бойы пікірталасқа айналып келген. Әһли сүннет сенімі бойынша ақыретте мүминдер Аллаһ Тағаланың көрінуін ақли, әрі нақли тұрғыдан уәжіп деп есептейді. Ал ақыретте мүминдер

Аллаһты көретін болса, қалай және немен көреді? деген сауалға ғалымдарымыз «Аллаһ бір мекенде, бір бағытта, бір жерде болмастан, бетпе-бет те болмастан, көзге шағылыспастан және көруші мен Аллаһ Тағала арасында белгілі бір қашықтық болмастан көрінеді»,- деп жауап беруге тырысқан. Сонымен қатар Аллаһты көру үшін осы дүниедегі тіршілік әлемін көрудегі шарттар қажет емес. Бұл туралы имам Тахауи өзінің «Тахауи ақидасы» атты еңбегінде:

«Жәннатты мекендеушілердің Аллаһты көретінін қиялға санаған немесе өз

ойымен жорамалдаған кісінің иманы шынайы болмайды. Аллаһты көрумәселесі және Аллаһ Тағаланың кез келген сипатының негізгі жорамалы, жоруды доғарып, тек бағыну ғана қажет. Міне мұсылмандардың діні осыменқұрылған»,- дейді.

Имам Матуриди де мүминдер ақыретте Аллаһты екі жанарымен көреді.Бірақ, қалай көретіндігі (яғни, тікелей мағынасындағы екі көзбен бе, әлде

көкірек көзімен бе) беймәлім. Бұған қатысты Құранда: «Көздер Оған жете алмайды. Ол көздерді көреді» («Әнғам» сүресі, 103-аят),- деген аят бар дейді.

«Қиямет күні кейбір жүздер жарқырап Раббысына қарайды»(«Қиямет» сүресі, 22-23 аяттар),- деген аят та Аллаһтың көрінетіндігіне басты дәлел бола алады. Бірақ, имам Матуриди бұл жерде «Аллаһтың ақыретте көрінетіндігін оймен елестете алмаймыз және де оны ақли дәлелдер арқылыжеткізу мүмкін емес. Сол үшін ешқандай жорамалға, тәпсірге жүгінбестенмұның солай болатындығына толықтай сену керек»,- деген мәселені айтыпөтеді.

Әһли сүннет ғалымдары Аллаһ Тағаланың мүмин пенделеріне

көрінетіндігіне мынадай дәлелдерді келтіреді:

1. Құранда: «Қиямет күні кейбір жүздер жарқылдап, Раббынақарайды» («Қиямет» сүресі, 22-23 аяттар) мағынасында айтылған аят,мүминдердің қиямет күні жәннәтта Аллаһты көре алатындығының дәлелі.

2. «Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар»(«Юнус» сүресі, 26-аят) аятында айтылған артық – сөзінің екінші бір мағынасы

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқаны секілді Аллаһты көру. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде:«Жәннәттықтар жәннәтқа кірген кезде Аллаһ Тағала жәннәттықтарға:Тағы да беруімізді қалаған бір нәрсе бар ма?- дейді. Олар: Сен біздің жүзімізді ағартпадың ба? Бізді жәннәтқа кіргізіп, оттан құтқармадың ба? Тағы не сұраймыз?-дейді. Осыдан кейін Аллаһ пердені ашады. Бұдан кейін жәннәттықтарға Раббыларына қараудан да ұнамды болатын бір нәрсе берілгендей болмайды», деп айтып болған соң, жоғарыда айтылған аятты оқыған» (Муслим, Иман. 80; Тирмизи, Жәннәт.16).

3. Бұл тақырыпқа келесі бір дәлел – Мұсаның (а.с.) Аллаһ Тағаладан өзіне

көрінуін өтінуі. «Ағраф» сүресінің 143-ші аятында Мұса (а.с.): «Раббым маған

өзіңді көрсет. Сені көрейін»,- дейді. Шындығында Мұса (а.с.) Аллаһтың ең

ұлы елшілерінің бірі болғандықтан Аллаһты жетік біліп, жаратылғандарға

ұқсаудан пәк екендігін айдан анық білетін. Сонда да ол Аллаһтың көріну

сипатына сеніп, өзіне көрінуін өтінеді. Егер Аллаһты көру мүмкін болмағанда,

Мұса (а.с.) мұндай тілек білдірмес еді.

Имам Матуриди бұл аят Аллаһ Тағаланың көрінетіндігінің мүмкін

екендігіне дәлел бола алады дейді. Өйткені, Мұса (а.с.) Аллаһтан мүмкін емес нәрсені талап етуі, Оның Жаратушы Иесін толық білмейді деген ұғымға келеді.Ал сауатсыз бола тұра, оның пайғамбар болуы ақылға қонымсыз жайт.

4. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһтың ақыретте

көрінетіндігі жайлы басқа бір хадисте былай дейді: «Жәрир ибн Абдуллаһтың

(р.а.) былай дегені риуаят етіледі. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанында отырған едік. Сол түні толған айға қарап былай дейді:«Әлбетте, сіздер мына айды көрген сияқты Раббыңызды да осылай

көресіздер. Оны көруде қиыншылыққа кездеспейсіздер. Күн шықпастан және

батпастан бұрын сіздерге ауырлық келтірмейінше, күшіңіз жетсе, намаздарыңызды уақытында оқыңыз, уақытын жіберіп алмаңыздар» (Бұхари,

Мауақитус-Салат. 16; Муслим, Мәсажид 211). Жәрир: «Аллаһтың Елшісіосыдан кейін мына аятты оқыды», - дейді. «Күн шығудан бұрын да, батудан бұрын да Раббыңды мадақта» («Таһа» сүресі, 130-аят).

5. Сүннит кәламшыларының көпшілігі бұл жайында «уужуд» дәлелі деген

дәлелді алға тарта отырып, Аллаһтың ақыретте көрінетіндігін айтады. Бұл

дәлел бойынша, бір нәрсенің көрінуінің басты себебі, оның бар болуында.

Аллаһ Тағала бар болғандықтан Оның көрінуі хақ.

6. Сахабалар Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Миғражда Аллаһты көріп-көрмегендігі жайында тартысады. Бұл дегеніміз Аллаһтың көрінетіндігіне дәлел бола алады. Себебі ақылды кісілер тек мүмкін болатын нәрсе жайында ғана тартысады.

7. Бір күні имам Шафиғиға қолдарында қағаз ұстаған бірнеше адам келіп,

имамнан «Жоқ олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарынан махрұм қалады» («Мутаффифин» сүресі, 15-аят) деген аят жайлы сұрайды. Имам Шафиғи олардың қолдарындағы қағазына былай деп жаздырады: «Олай болса кейбіреулер азапқа душар болғандықтан, Оны көруге күнәләрі кедергі болады. Ал Оның разылығын алғандар Оны көретіндігі осы мағынадан шығып тұр». Сонда әлгілер имамнан: «Тақсыр, сіз осыған сенесіз

бе?» деп сұрайды. Имам Шафиғи: «Аллаһқа ант етемін. Мұхаммед ибн Идрис (Шафиғи) қиямет күні Раббысын көретіндігіне толық сенбегенде, дүниеде Оған ешқандай құлшылық пен ғибадат етпес еді»,- деп жауап береді.

Қорыта айтқанда, мүминдердің Аллаһ Тағаланы көздерімен бе әлде жүрек

көзімен бе көретіндігі беймәлім. Оған ақыл жетпейді. Бұл тақырып бойынша мәзһабтардың өз арасында біркелкі көзқараста болмаған. Мысалы мұғтазила өкілі Дырар ибн Амр қиямет күні адам баласына алтыншы сезім жаратылып, Аллаһты көру мүмкіндігі беріледі деген көзқарасты ұстанған. Ал мұғтазила, харижия, зайдия, муржия және жәһмия мәзһабтар өкілдерінің басым көпшілігі әһли сүннеттің көзқарастарымен келіспейді. Мұғтазила мәзһабы Аллаһ Тағаланың ақыретте көрінуі мүмкін емес. Егер де

көрінеді деген күннің өзінде мына ерекшеліктер болуы керек дейді. Олар:

1. Көрінетін болмыс мекенде болуы керек;

2. Көрінетін болмыс бір жақта (бағытта) болуы керек;

3. Көруші мен көрінетіннің арасында қашықтық болуы керек,

4. Көру процесі іске асу барысында көрінетін болмыстан шағылсқан

сәулелер көзге жетуі керек.

Мұғтазила көзқарасы бойынша «егер де Аллаһ ақыретте көрінеді дейтін

болсақ, онда осы аталмыш мекен, жақ, қашықтық және шағылысқан сәулені

Аллаһқа тән еткен боламыз. Алайда, бұл таухид принциптеріне қайшы. Аллаһ мекеннен, заттан пәк»,- дейді.

Бұған қоса өздерінің пікірлерін қуаттау үшін Құранның: «Көздер Оған жете алмайды. Бірақ Ол (ілімі арқылы) барлық көздерді көреді» («Әнғам»сүресі, 103-аят),-деген аятын дәлел ретінде келтіреді. Олар аяттағы «идрак» сөзін «көру» деген мағынада ұққан. Сондай-ақ, Құранның «Ағраф» сүресіндегі Мұса пайғамбар (а.с.): «Раббым маған өзіңді көрсет. Сені көрейін»,- деді. Сонда «Мені ешқашан көре алмайсың» (143-аят),- деген аятты да дәлел ретінде алға тартады. Яғни, Аллаһ Тағала Мұсаға(а.с.) аятта «Мені ешқашан көре алмайсың» деуі бұл дүние мен о дүниені бірдей қамтып тұр. Сондықтан да адам екі дүниеде де Аллаһ Тағаланы көруімүмкін емес,- дейді.Бұл мәселе түрлі көзқарастармен ұзақ уақыттар бойы пікірталасқа

айналған. Әһли сүннет ғұламалары аталмыш аяттағы «идрак» сөзін «қамту», «меңгеру», «ұғу» деген мағынада тәпсірлеген. Осы тұрғыда көздер Аллаһты қамтып, меңгере алмайды, бірақ көреді деген. Ал «Мені ешқашан көре алмайсың» деген аятта Аллаһ Тағала Мұсапайғамбардың осы өмірдегі сұранысына жауап қайырған. Сондықтан мүмин осы дүниеде Жаратушысын көре алмайды. Матуриди мектебінің ғалымдарынан Нуриддин ас-Сабуни «аяттағы «лән»

сөзі мәңгілік деген ұғымды білдірмейді. Тек тәкид (қуаттау) мағынасын

береді»,- дейді. Бұған дәлел ретінде Құрандағы «Бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін» («Мариям» сүресі, 26-аят),-деген аяттағы «лән» сөзін «әл-яум» (бүгін) сөзімен бірге қолданып, шектеулі уақыт үшін айтып отыр. Олай болса, «мәңгілік» пен «шектеулі» бір-біріне қарама қарсы түсінік болып тұр. Сондықтан «лән» сөзі осы дүниеде деген ұғымда дейді.

Иә, Аллаһ Тағаланы бұл дүниеде ешкім көре алмайтындығы анық. «Бірде Мәсруқ деген кісі бірнеше кісімен бірге Айша анамыздан (р.анһа): «Әй, анашым! Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббысын көрді ме?» - деп сұрадық. Айша (р.анһа) анамыз: «Айтқан сөзіңнен денем тітіркеніп кетті.

Сенің үш қателі сөзден хабарың жоқ па еді? Кім оларды айтса өтірік айтқан

болады»,- деді.

1. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббысын көрді

десе, өтірік айтқан болады, деп «Көздер Оған жете алмайды. Бірақ Ол (ілімі арқылы) барлық көздерді көреді» («Әнғам» сүресі, 103-аят),- деген аятты

оқыды.2. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ертең болатын нәрсені біледі десе, өтірік айтқан болады, деп «Ешкім ертең не істейтінін білмейді» («Луқман» сүресі, 34-аят),- деген аятты оқыды. 3. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уахиден бір нәрсе жасырып қалғанын айтса, ол өтірік айтқан болады, деп: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетті жалғастырмаған боласың» («Майда» сүресі, 67-аят),- деген Құран аятын оқып жауап береді» (Муслим, Иман-287),- деді. Олай болса, біз де Пайғамбарымыздың Миғражда Раббысын тікелей емес, тек перде арқылы нұрын ғана көргендігі жайында айта аламыз. Бірақ, Пайғамбарымыздың Миғражда Аллаһтан Жәбірейл періштенің көмегінсіз тікелей уахи алғандығы рас. Бір күні Әбу Зәрр әл-Ғыффари (р.а.) Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) «Сен Рабб Тағаланы миғражда көрдің бе?», - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Ол нұр ғой! Мен Онықалай көремін»,- деп жауап берген еді (Муслим, Иман, 261).Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан адамдардың діни дәрежесі әр түрлі болатындығы анық баян етілген.




Көрілген: 2205    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 21:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30