АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ

05 маусым 2022, 22:00

Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) сонау 1400 - жыл бұрын былай деп айтып кеткен. 

* Адамдардың басына сондай бір уақыт келеді, олардың пайыз жемегені қалмайды , жемесе де шаңы оларға жұғады . Пайызға - сауда , параға - сыйлық деп айтылады . Адал - арам ұмытылады , " ақша болса болды , қай жерден келседе бәрібір" деп айтылады .

* Қөптеген адамдар аз бір дүниелік нәрсе үшін дінін сатады.

* Қабірлер әшекейленеді және Құран пайда әкелетін табыс көзіне айналады.

* Құраннан тек қана суреті, Исламнан тек қана аты , мұсылманның тек қана тәні қалады.

* Үш нәрсе өте сирек кездесетін болады : адал ақша , амал ететін сүннет, шынайы дос.

* Дүние істеріне мән беріліп , ақырет ұмытылады . Алла тағаланың кітабымен үкім беру ұят саналады.

* Зәулім және көріністі ғимараттар жасалады.

* Өтірік куәгерлер және ажырасулар көбейеді, аяқ астынан болған өлімдер де өте көп болады .

* Ағайындармен қарым - қатынас үзіледі , және сәлем тек қана танығандарға беріледі.

* Адамдардың көбісі мақтаныш үшін қажылыққа барады.

* Үлкендер мейрімсіз , кішкентайлар көргенсіз болады .Балаларды тәрбиелеу қасқырды үйретуденде қиын болады .

* Уақыт қысқарады. Бір жыл бір айдай, бір ай бір аптадай, бір апта бір күндей өте шығады.бір күннің өтуі, бір жапырақтың жанғанындай тез өтетін болады. Еш нәрседе береке болмайды.

* Жақсылықтар мен жаңбырлар азаяды, зілзала мен селдер көбейеді.

* Еркектер өздерін әйелдерге, әйелдер еркектерге ұқсатады.

  • Өсек-аяң жайылады. 

mazhab.kz