Ислам діні

Алла елшісі осы сусындарды ұнататын

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

 Джабир мынадай оқиғаны баяндайды: «Бірде Алла елшісі ансарлардың бірінің қалын сұрауға келді және су сұрады. Сол үйдің қасында арық болатын, бірақ Алла елшісі: «Егер сізде құмырада түннен қалған су болса ішер едім, жоқ болса арықтан ішемін»-деді.

 

Убада ибнуль-Валид  Джабир ибн Абдуллахтың мына сөзін жеткізген: «Ансарлардың бірі Алла елшісі үшін суды ескі сабаға құйып, құрма пальмасының бұтағына іліп салқындататын».

 

Айша анамыздың айтқаны: «Алла елшісіне салқын әрі тұщы су ұнайтын».

 

Алла елшісінің стақаны

 

Иса ибн Тахман   Сәбиттің мынадай сөзін жеткізеді: «Бірде  Анас ибн Мәлік металл білезікті ағаш стақанды көрсетіп: «Сәбит! Бұл Алла елшісінің стақаны»-деді

 

Анас: «Осы стақанға мен Алла елшісіне барлық сусынды: су, тұнба, бал және сүт құйдым»-деген.

 

Мухаммад ибн Исмаил: «Бірде мен Анасқа келдім. Оның үйінде ағаш стақан болды. Ол: «Пайғамбар осы стақанмен ішетін және онымен жуынатын»-дегенін жеткізеді.

 

Алла елшісі сүтті ұнатқан

 

Ибн Аббас: «Барлық сусынның арасынан Алла елшісі сүтті жақсы көретін»-дейді.

 

Басқа риуаятта Ибн Аббас Алла елшісінің мынадай сөзін жеткізеді: «Алла кімге ас берсе сол: «О, Алла! Бұны маған қайырлы қыла көр және бұдан жақсысын нәсіп ет»-деп айтсын. Алла кімге сүт берсе, сол: «О, Алла! Осы сүтті біз үшін қайырлы ет және біз үшін көбейте көр»-деп айтсын. Жейтін ас пен ішер сусынды сүттен басқа не алмастыра алатынын мен білмеймін»

 

Сондай-ақ, Алла елшісі арпа немесе бидай сорпасын ішкен. Анас : «Осы стақаннан Алла елшісі салқын су, сүт, тұнба, бал және сорпа ішетін»-дейді.

 

 

Ihsan.kz




Көрілген: 4021    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.06.2021, 19:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30