Ислам діні

Алла құлдарын осылай да сынайды

  • https://muslim.kz/

    https://muslim.kz/

Ардақты сахаба Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізеді. Бір кездері Алла Тағала Исраил ұрпақтарынан алапеспен ауырғанды, басы тақыр тазды және соқырды осы үшеуін сынамақ үшін оларға бір періштені жібереді.

 

Періште алапеспен ауырғанға келеді де одан: «Сен бәрінен де нені қалайсың?» &ndash деп сұрайды. Ол: «Мен ауруымнан жазылып, келбетімнің түсі кіріп, терімнің оңалуын қалаймын», &ndashдейді. Сонда періште оның денесін қолымен сипап, ол бүкіл ауруынан жазылып, келбетіне түс еніп, терісі оңалады.

 

Содан соң періште: «Саған дүниенің ішінен не ұнайды?» &ndash деп сұрайды. Сонда ол: «Түйелер (не сиырлар)», &ndash деп жауап береді. Оған буаз түйе беріліп, періште: «Алла оны саған игілікті етсін!» &ndash деп дұға айтып кетеді.

 

Сосын періште басы тақыр тазға келіп: «Сен бәрінен де не қалайсың?» &ndash деп сұрайды. Ол: «Мен ауруымнан жазылып, жақсы шашты болуды қалаймын», &ndash деп жауап береді. Сонда періште оның денесін қолымен сипап, ол бәз баяғы қалпынша шашты болып шыға келеді.

 

Содан соң періште: «Саған дүниенің ішінен не ұнайды?» &ndash деп сұрайды. Сонда ол: «Сиырлар», &ndash деп жауап береді. Сонымен оған буаз сиыр беріледі. Періште: «Алла оны саған игілікті етсін!» &ndash деп оған да дұға айтып кетеді.

 

Сосын періште соқырға келіп: «Сен бәрінен де не қалайсың?» &ndash деп сұрайды. Ол: «Алла менің жанарымды қайтарып, адамдарды көрсем» &ndash деп жауап береді. Сонда періште оны қолымен сипағанда Алла оның көзіне нұр беріп жанары кіреді.

 

Содан соң періште: «Саған дүниенің ішінен не ұнайды?» &ndash деп сұрайды. Сонда ол: «Қойлар», &ndash деп жауап береді. Сонда оған буаз қой беріледі. Осыдан кейін олардың малдары көбейіп бірінде бүтін табын түйе, екіншісінде бүтін табын сиыр, ал үшіншісінде үлкен қора қой болады. Содан соң періште бұрынғы алапеспен ауырғанға, соның бұрынғы түріне (яғни алапеспен ауырған адамның түсіне) еніп келеді де: «Мен &ndash кедеймін, жолда бүкіл дүниемнен айрылдым. Бүгін Алладан басқа, одан кейін сенен басқа сұрайтын ешкімім жоқ. Саған жақсы келбетті түр мен тері берген және байлық берген Алланың атымен сұраймын, маған сапарымды аяқтауым үшін бір түйе берші», &ndash дейді.

 

Әлгі адам: «Менің қарызым көп», &ndash деп оған ештеңе бермейді. Сонда періште одан: «Мен сені білетін секілдімін. Сен емес пе ауру болып, адамдар қашатын және сен емес пе кедей болып оны Алла байытқан?» &ndash деп сұрайды. Сонда ол: «Расында, бұл байлық, менің ата-бабаларымның қалдырған мұрасы», &ndash деп жауап береді. Сонда періште: «Егер сен өтірік айтсаң, онда Алла сені баяғы қалпыңа келтірсін!» &ndash деп дұға айтады.

 

Сосын періште бұрын шашы жоқ таз болғанға, соның бұрынғы кейпінде келіп, оған бұның алдындағы бұрынғы алапеспен ауырғанға айтқанын айтады. Ал ол болса дәл соның берген жауабындай жауап береді. Сонда періште оған да: «Егер сен өтірік айтсаң, онда Алла сені баяғы қалпыңа келтірсін!» &ndash деп дұға айтып кетеді.

 

Сосын періште бұрын соқыр болғанға, соның бұрынғы кейпіне еніп келеді де оған: «Мен кедеймін, жолда бүкіл дүниемнен айрылдым. Бүгін Алладан басқа, одан кейін сенен басқа сұрайтын ешкімім жоқ. Саған сенің жанарыңды қайтарған Алланың атымен сұраймын, маған сапарымды аяқтауым үшін бір қой берсең жеткілікті болар еді», &ndash дейді. Ол: «Расында мен соқыр болдым, ал Алла менің жанарымды қайтарды, не алғың келсе ал, нені қалдырғың келсе, қалдыр және Алланың атымен ант етемін, Ұлы Алла Тағала үшін бүгін менен не алсаң да, сенен оны қайтарып беруіңді талап етпеймін!» &ndash дейді.

 

Сонда періште: «Дүниеңді өзіңе қалдыр, расында Алла сендерді сынады да, Алла саған риза болды, ал сенің екі жолдасыңа ашуланды», &ndash дейді[1].

 

 

 

muslim.kz




Көрілген: 1865    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31