Ислам діні

Алланы тану

  • https://ummet.kz/

    https://ummet.kz/

Әрбір адамның өзіндік дүниетанымдық ұстанымдары мен принциптері болады. Бұлардың жиынтығы таным деп аталады.  Яғни, әрбір адамның танымдық тұғырнамасы болады.

 

Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уа саллам) уаһи келген кезде Ол ең бірінші Алланың жалғыздығына Оны тануға шықырған болатын. «Зарият» сүресінде: «(Мен) Жын мен адамды маған құлшылық ету үшін ғана жараттым» деген. Осы аятқа тәпсір жасаған Ибн Аббас, Мужаһид секілді ғалымдар «Мені тану үшін жараттым» деп тәпсірлеген болатын. Сондықтан да, Пайғамбарымыз ең алғашқыда адамдарды Алланы жақын тануға шақырған.

 

Сахабалардан кейінгі ғасырларда өмір сүрген олардың табиғин-ізбасарлардың бірегейі Мәлік ибн Динар, Алла оны рахымына бөлесін, бірде: «Дүние жұрты дүниеден ең тәттінің бір тата алмай шығып жатыр» - деп күйініш білдірді. Қасында отырған кісілер: «Уа, Әбу Яхия, ол не нәрсе?» - деп сұрайды. Сонда Мәлік ибн Динар: «Ол &ndash Алланы тану» - еп жауап берген екен. 

 

Абай атамыз: «Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға құлшылық парыз» деп айтқан. Яғни, ақылды болсаң Алланы тануға болады. Ақылыңмен жаратылсықа қарап та Аллаға иман етуіңе болады.

 

Құранда Алла Тағала: «Алладан басқа құдай жоқ екендігін біл» деген. Яғни, біз Алланы кітаптарды оқып, үйреніп тануымыз қажет екенін айтып отыр. Алланы тануда Оның Өзін, болмысын тану, елестету міндет емес, Оған міндетті болатын, мүмкін емес әрі болуы мүмкін нәрселерді тану міндет.

 

Сондықтан да Құран Алланың кемелдігі мен жаратылысына ұқсамайтындығына дәлелдейтін әсерлеріне зер салып, зерделеуге шақырады.

 

Алла Тағаланы танудың бірден бір жолы &ndash Оның жаратылыстағы, ғаламдағы әсерлеріне көз жүгіртіп, ой елегінен өткізіп, зерделеу.

 

Құран Алланы тануға үндейді. Оның барлығына, бірлігіне, жаратқан нәрселеріне ұқсамайтындығын, болмысында да, сипаттарында да, естерінде де ешбір серігі жоқ.

 

Құранда Алла Тағала: «Түйенің қалай жаратылғанына, Жердің қалай төселгендігіне қарамайсыңдар ма?» деген аяттарында, сол секілді: «Жеп жатқан тағамдарыңа қарамайсыңдар ма?» деген аяттарынан да Алла өзін тануға қажетті себептерді көрсетіп отыр. Осылардың барлығына қарап адам баласы Алланы Жаратушы екенін, барлығын Қадағалаушы екенін тануға мүмкіндігі бар.

 

Алла Тағала осының барлығын жаратқан, өсімдіктерді өсіріп адамдар мен хайуандарға рызық еткен Ол жалғыз Өзі ғана екендігін түсіндіргісі келіп отыр.

 

Майлы қожа атамыздың кезінде де көптеген шеберлер, ұсталар болған. Соның барлығын қарап, ой жүгірткен Майлы қожа атамыз жанындағыларға:

 

«Шеберді шебер дегенше,

 

Алланы шебер десеңші.

 

Қар жаудырып қыс қылған,

 

Жұмыртқаны құс қылған» деп Алланың шеберлігін көрсеткен. Адамның көзі қыста қатып қалмайтындай етіп, өте жақсы көретіндей етіп жаратқан кім? Әрине, тек Алла ғана. Тек қана көзіміздің емес, бүкіл дене мүшеміздің өзінің қызметі бар. Әрқайсысының ерекше маңызы өте жоғары. Егер де сол бір мүшемізді бұзып алсақ оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Оны адам баласы дәл сол қалпындай етіп жасай алмайды. Себебі, ол мүшемізді Алла жаратқан әрі Алла ғана оны қалпына келтіруші.    

 

Бұхар жырау бабамыз:

 

«Ей, айташы Алланы айт.

 

Аты жақсы Құдайды айт» деп айтқандай, ауызымыздан тек Алла деген сөз шығып, мынау ғаламды жаратқан Алланы тануға бет бұруымыз қажет.

 

Юнус сүресі, 101-аятында: «Көктер мен жерде не бар, қараңдаршы деп айт. Алайда белгілер мен ескертулер иман келтірмейтін қауымға еш пайда бермейді» деген. Бұл дүниедегі барлық жаратылыста Алланың құдіретін көрсетіп тұрған бір белгілер бар. Бірақ, оны тек қана иман келтірген жандар ғана көре алады. Ал иман келтірмеген қауымдар оның мәні де де бармайды. Бұл дүние солай жаратылу керек болған, басқа ештеңе емес деп қоя салады.

 

Біз мұсылмандар әрқашан Алланы тану үшін ілім алып, жаратылысқа қарап ой жүгіртуіміз керек. Әрбір жаратылыстан ғибраттар алу бізге жүктелген міндет.

 

Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешіті баспасөз қызметі

 

 

 

Ihsan.kz

 

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30