Ислам діні

Алматы қаласында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен семинар-кеңес өтті

  • Алматы қаласында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен семинар-кеңес өтті

    Алматы қаласында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен семинар-кеңес өтті

Бүгінгі таңда, күн тәртібіндегі ең өзекті және маңызды мәселелердің бірі халық арасында діни экстремизм деструктивті және қауіпті идеологиясының таралуын ескере отырып, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында, 27 наурыз күні Қоғамдық Даму басқармасының «Мониторнг және талдау» орталығының ұйымдастырылуымен «2019 жылғы экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларын жоспарлауға арналған мәселелер бойынша Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен семинар-кеңес өтті.


Қатысушылар биылғы жұмыс бағытының нақты мақсатын айқындау үшін Қоғамдық Даму Басқармасындағы өзгерістерді ескере отырып, жұмыстың формасы мен әдіс тәсілдерініне, жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізіліп, жүргізілетін шаралардың тиімділігін талқылады. Ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) жұмысын дамытудың болашақ жоспарлары талқыланды.


Іс-шарада ғалымдар, діни бірлестіктер өкілдері (ҚМДБ, ОПШ), мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.


Семинар-кеңес Қоғамдық даму басқармасы басшысының төрағалығымен өтті. Семинар төрағасы сөзін қатысушылармен танысудан бастап, ішкі саясат, дін істері жөніндегі және жастар саясаты басқармаларының бірігіп, жаңадан құрылған қоғамдық даму басқармасының биылғы жоспарын қысқаша айтып, сонымен қатар АТТ жұмысының қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын, оның нәтиже ретінде қаламызға әр аймақтан келіп жатқан халық санына қарамастан, 2016 жылдан бері мегаполисімізде арнайы статистикаларға сүйене отырып деструктивті теріс діни ағым өкілдерінің саны әлдеқайда азайғанын айта кетті. АТТ-ның басты міндеті халыққа деструктивті ағымдардан қорғану жолдарын, мемлекет пен дінге қатысты сұрақтарына толыққанды жауап бере алып, ақпаратты сапалы түрде жеткізу екендігін еске салды.


Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының директорының орынбасары биылғы жылы АТТ мүшелерінің құрамына 20-ға жуық жаңа мамандар тартылып, биыл жалпы саны 65 адамды құрайты АТТ құрылғанын хабарлады. Жалпы білім беру мекемелері оқушыларына, орта арнайы/жоғары оқу орындары студенттеріне және де деструтивтік ағым өкілдері көп шоғырланған сауда кешендерінде басым көпшілік шаралар жүргізілетін болады.


Сонымен қатар ағымдағы жылда 600-ден астам шара ұйымдастыру жоспарланғанын, бұл іс-шаралар қаламыздың барлық әлеуметтік топтарын қамту керек екенін ерекше атап көрсетті. 




Көрілген: 675    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31