Ислам діні

Алматы мешіттерінде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

  • © КТК

    © КТК

Алматы мешіттерінде жұма намаз оқуға рұқсат берілді. Десе де, санитарлық ережелер мен намазға тұрған кезде ара қашықтықтың  сақталуы маңызды. Қаланың бас санитар дәрігенің соңғы қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап, жұма намаз Алла үйінің ішінде емес, ашық аспан астында оқыла бастайды. Қазір қаладағы 52 мешіттің ауласына кілемдер төселіп, арнайы белгілер орналастырылып дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Еске салайық, қалада өткен жылы төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап, мешіттерде жұма намаз оқуға тиым салынған еді.

 

«Барлық мешіттердің ауласы кең емес. Сондықтан жамағат ауласы кеңдеу мешітке барса дұрыс болар еді. Ауласы кең мешіттерден бізде Алатау ауданында Бекет ата, Қарасудағы Мырзахмет мешіті мен Орталық мешіт бар. Жалпы бүкіл мешіттерде аула бар, бірақ кең мешіттердің ауласын көбіне ескеруге шақырамыз»,– деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай.

 

Сондай-ақ, қаланың бас имамы биыл да Қадір түнін үйде отбасымен бірге өткізуге кеңес береді. Қасиетті түн 8 мамырдан 9 мамырға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл уақытта да мешіттерге топтасып жиналып келуге болмайды. Барлық шаралар мен уағыздар қала имамдарының қатысуымен онлайн форматта өткізілетін болады.

 

 

 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 18:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30