Ислам діні

Алматы облысында мешіт тоналып, көрші ауданның тұрғыны күдікке ілінді

  • Алматы облысында мешіт тоналып, көрші ауданның тұрғыны күдікке ілінді

    Алматы облысында мешіт тоналып, көрші ауданның тұрғыны күдікке ілінді

37 жастағы тұрғын өз әрекетін садақа жәшігінің қолжетімді жерде тұрғандығымен байланыстырған. Сондай-ақ, ол Рамазан айында мешіттегі ұрлыққа ешкім бармайды деп ойлаған. Алматы облысының Нарынқол ауылында мешіт тоналды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Нарынқол ауылының имамы жалпы сомасы 150 мың теңгені құрайтын садақа жәшігі ұрланғанын айтып, полицияға арызданған. Мұсылмандар қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айында жасалған бұл ұрлық қоғамда наразылық тудырды. Сондықтан да ауыл тұрғындары іске тәртіп сақшыларының жедел араласуын талап етті.

Полицейлер де күдіктіні тез анықтап, қолға түсірді. Ол көрші Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті өз әрекетін садақа жәшігінің қолжетімді жерде тұрғандығымен байланыстырған. Сондай-ақ, ол Рамазан айында мешіттегі ұрлыққа ешкім бармайды деп ойлағанын айтып ақталған.

Қазіргі кезде ұсталған ер адам қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеу амалдары Райымбек аудандық полициясының тергеушілеріне тапсырылды.

Айта кетейік, аталған бапта мұндай қылмыс үшін кінәліге бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салу қарастырылған. Сонымен қатар, түзеу жұмыстарына тартылады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, мүлкі тәркіленеді, яки осынша мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.




Көрілген: 785    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 02:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31