Ислам діні

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Құрбан айт кезінде карантин шектеулерін сақтауға шақырды

  • Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Құрбан айт кезінде карантин шектеулерін сақтауға шақырды

    Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Құрбан айт кезінде карантин шектеулерін сақтауға шақырды

Құрбан айт мұсылмандардың басты мерекесі. 2021 жылы 20 мен 22 шілде аралығында өтеді. Ал мерекенің форматы өткен жылдың үлгісінде болады, деп хабарлайды Almaty.tv

Құрбандық шалу рәсімі qurban2021.kz сайтта өтінім бере отырып, онлайн-режимде өтеді.

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұловтың айтуынша, КВИ-дің күрделі эпидемиологиялық жағдайына байланысты мұсылмандар жиналысы болмайды. Жануарларды құрбандыққа шалудың барлық салттық әрекеттері қашықтан онлайн режимде өтеді.

Ниет білдірушілер qurban2021.kz сайтында 22 шілде сағат 14.00-ге дейін құрбандық шалуға өтініш бере алады. Құрбандық еті мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Сондай-ақ оның етін алғысы келетіндер де осы сайтта өтініш қалдыра алады.

17 шілде күні интернет-платформа қызметіне ет алуға ниет білдірушілерден 486 өтінім берілді.  Ал 200-ден астам алматылық құрбан шалу рәсімін жасауға шешім қабылдады.

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы құрбандық шалудың барысы дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері айтылатындай бейнежазба режимінде өтетінін айтты. Бейнежазбадан кейін тапсырыс берушіге жіберіледі.

«Интернеттегі құрбандық тек белгіленген жерде болады. Рәсімді өткізуге арнайы топ бекітілген, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған, барлық жұмыс санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілетін болады», – дейді М. Пірімқұлов.

Онлайн-режимде құрбандық шалу дәстүрін өткізу және мұқтаж адамдарға толық тарату тәжірибесі Түркияда, Малайзияда, Индонезияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде әлдеқашан енгізіліп, жыл сайынғы  дәстүрге айналды. Негізгі мақсат – азаматтарды коронавирус инфекциясынан қорғау.

Дін өкілдері діндарларды Құрбан айт мерекесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл күндері үйде болу керек, қонаққа бармау керек және  іс-шара ұйымдастырмау керек. Осы қиын уақытта қала тұрғындары кішіпейілділік танытып, инфекцияның таралуын тоқтату үшін бәрін жасауы керек.

Almaty.tv




Көрілген: 1393    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 12:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31