Ислам діні

Алматыда жұма намазын мешітте өткізуге уақытша тыйым салынды

  • https://azan.kz/

    https://azan.kz/

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшеке қаланың қызыл аймаққа өтуіне байланысты  діни нысандардың жұмысына шектеулер енгізілгенін мәлімдеді.

 

Алматы қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша кешеден бері «қызыл» аймаққа еніп отыр. Осыған байланысты қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігерінің шектеу шараларына қатысты жаңа қаулысы шықты.

 

Аталған эпидемиологиялық шектеу шаралары діни нысандарға да қатысты болып отыр.

 

Ғибадат нысандарында әлеуметтік қашықтық және басқа да санитарлық нормаларды, маска режимін қатаң сақтай отырып тек қана жеке құлшылық рәсімін өткізуге рұқсат етіледі. Жұма намазы, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейді, - деді Ерғали Көшеке.

 

Діни бірлестіктердің басшылары діни рәсімдерді өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін барлық жағдайды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шараларды орындауы керек. Ол ғимаратқа кіру кезінде келушілердің дене температурасын өлшеу, маскасыз келген азаматтарды кіргізбеу, 2 метрден кем емес аралықпен арнайы жазу белгілерін қою және ғимаратқа іргелес аумақты таза ұстауы.

 

Ерғали Көшеке сонымен қатар қаланың діни бірлестік басшылары мен діндар жамағатты осы уақытша шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.03.2021, 12:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31