Ислам діні

Алматыда қасиетті Құранды қорлаған қыз бен жігіт ұсталды

  • Алматыда қасиетті Құранды қорлаған қыз бен жігіт ұсталды

    Алматыда қасиетті Құранды қорлаған қыз бен жігіт ұсталды

Жас қыз бен жігіт масаң күйде құранды қолдарына алып, балағаттаған. Әйелдің әдепсіз әрекетіне қандай шара қолдану керектігін енді имамдар шешпек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 23 жастағы қыз мұсылман жамағатының ашуын туғызған әдепсіз әрекетін видеоға түсірген соң,  өзінің әлеуметтік парақшасына да жүктеген. Кадр сыртындағы жігіт қызбен бірге құранды қорлап, әзілдескен. 

"Тексеру іс-шаралары барысында түсірілімнің қатысушылары анықталды. Бұл – бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1998 жылы туған Т. есімді азаматша, сондай-ақ, 1996 жылы туған Л. есімді азамат. Олардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 490-бабы 2-бөлімі (Сенушілердің сезімін қорлау) бойынша квалификацияланған. Өндірістік материал шешім қабылдау үшін қалалық Дін істері басқармасына жіберілетін болады", – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.

Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг кезінде әшкере болған келіншек халықтан кешірім сұрады. 

"Кішігірім отырыс болды, біз алкогольдік ішімдік іштік. Нәтижесінде ішімдікке мас күйімде ойланбай әрекет жасадым. Қасиетті Құран кітабын қолыма алып, парақшама видео түсірдім. Мен өз кінәмді білемін. Бүкіл жамағаттан, әсіресе мұсылмандардан кешірім сұрағым келеді. Мен сіздердің діндеріңізді қатты құрметтеймін. Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Шын жүректен кешірім сұраймын", – деді, Т. есімді азаматша.

Azattyq Rýhy.




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 14:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 19:55
    ТӘУБЕ ҚЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ
    19 Қараша, 01:03
    Әке-шешемді сатамын...
    16 Қараша, 15:54
    ӘУРЕТТІ ЖАБУ ДЕГЕН НЕ?
    11 Қараша, 10:51
    Ақырғы сәт!
    8 Қараша, 19:42
    Күнә және сауап
    4 Қараша, 16:02
    ӘУЛИЕ БОЛУ ОҢАЙ МА?
    24 Қазан, 00:30
    ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31