Ислам діні

Алматыда Құрбан айт кезінде қандай іс-шараларға тыйым салынады

  • Алматыда Құрбан айт кезінде қандай іс-шараларға тыйым салынады

    Алматыда Құрбан айт кезінде қандай іс-шараларға тыйым салынады

 Алматы қаласы Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесіне қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында төмендегі іс-әрекетке тыйым салынады: 1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге; 2) Алматы қаласының аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады. 31 шілдеден 2 тамыз аралығында Алматы қаласының орталық мешітімен белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысын тоқтатылады. Сондай-ақ, Алматы қаласының кіре берістерінде, құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына жануарларды әкелмеуді болдырмау үшін посттар ашылады. Құрбандық шалуға онлайн режимінде Qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы рұқсат беріледі. «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру қолға алынған. Құрбан мерекесіне атсалысқан адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету көзделген. Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының полиция департаментіне, аудандық әкімдіктерге және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жүктелді.

ҚазАқпарат




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 19:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31