Алматылықтар биыл қажылыққа бара ала ма – Бекшин жауап берді

27 мамыр 2021, 13:49

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында елімізде салынып жатқан үш вакцина да қажылыққа баруға неліктен жарамайды деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл мәселені қазір Денсаулық сақтау министрлігі қарастырып жатыр. Бұл мәселе маусым айында шешілуі мүмкін. Қазір Сауд Арабиясына ресми түрде өтініш жіберілді. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы бұған жауап беретін болады», - деді Жандарбек Бекшин. Бұған дейін, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігінің денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы қажылық маусымына дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялағанын мәлім еткен болатын. Сауд Арабиясы бекіткен вакциналардың қатарында Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna бар. Сонымен қатар, оның екі дозасын қабылдау талап етілген.

ҚазАқпарат