Ислам діні

АНТИСЕПТИК ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

  • АНТИСЕПТИК ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

    АНТИСЕПТИК ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қауіпті бактерия, вирус және микробты зарарсыздандыру үшін антисептик қолдануды талап етеді. Қазір коронавирус жұқтырып алмау мақсатында дерлік барлық мекемелерде, сауда орталықтарында, тіпті үйлерде оны кеңінен пайдалануда. Антисептиктің негізгі құрамы спирт болғандықтан, бұл туралы мұсылман қауымы арасында сұрақтар туындауда.

Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың көзқарасы бойынша жүзім және құрмадан басқа өнімдерден жасалған спиртті антисептик мақсатында қолдануға рұқсат етіледі. Ал қазіргі медициналық спирттер жүзім және құрмадан алынбайтыны белгілі.

Антисептик мақсатында қолданылатын сұйықтық, медициналық спирт нәжіс болып есептелмейді. Өйткені харам нәрсенің бәрі нәжіс бола бермейді. Мысалы, есірткі мен удың үкімі харам, бірақ өзі таза. Құрамында спирті бар иіссулар, спирт араласқан сұйық заттар денеге, киімге тисе нәжіс болмайды, тиген жерін жуу да міндетті емес.

Арнайы антисептик заттар немесе медициналық спирт табылмаса, зәрулік үкімді негізге ала отырып, спирттік ішімдіктерді де антисептик мақсатында қолдануға шариғат рұқсат етеді. Бірақ ол нәжіс болғандықтан, намаз оқығанда спирттік ішімдік тиген жерді жуып тастау шарт.

fatua.kz




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.04.2020, 09:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30