Әрбір мұсылман Меккедегі қара тасқа жанаса алатын бағдарлама іске қосылды

20 желтоқсан 2021, 20:31

Саудияда әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандарға қасиетті Мекке шаһарындағы қара тасқа жанасуына мүмкіндік беретін бағдарлама іске қосылды. Бұл мүмкіндік виртуалды технология (VR) көмегімен жүзеге асырылады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл мүмкіндік өз кезегінде қасиетті мекенге баруға жағдайы жоқ мұсылмандарға үлкен сеп болды.

 

«Виртуалды қара тас» деп аталатын бастаманы қасиетті екі мешіттің істері жөніндегі басқарманың бас төрағасы Әбдірахман әл-Судаис көтерген болатын.

 

Жаңа технология көру, есту, жанасу, тіпті, иіс сезу секілді негізгі сезімдер арқылы виртуалды ортада қара таспен жанаса алады.

 

Virtual Black Stone бастамасы қажылыққа барып келгендердің сағыныш сезімін басуға да септігін тигізеді.

 

 

 

 

islam.kz