Ислам діні

Арман Қуанышбаев: Қаза болған адамның жетісін, қырқын, жылын беру шариғатта жоқ

  • https://stan.kz

    https://stan.kz

Елімізде анау-мынау мерекеден еш кем түспейтін ас беру рәсімі сәнге айналып барады. Жұрт күліп кетеді деп, дүниеден өткен адамды жерлеуден кейін жүздеген адамға ас берілді, шапан, тақия, орамал, таратылды. Жалпы, кісісі өлген қаралы үйдің осыншалық деңгейде шашылып, шабылуы дұрыс па?


Оған қатысты уағыз айтып жүрген имамдардың да желіде тарап жүрген пікірлері әртүрлі. Бірі жетісін, қырқын және жылын беру шариғатта жоқ десе, енді бірі мұны жасамаған адам мұсылман емес деп кесіп айтқан. Сонымен кімдікі дұрыс? Бұл ғұрыптар шынында шариғатқа қайшы ма? Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Бақилық болған адамның артынан әр өңірде жетісін, қырқы мен жылын өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Яғни қазан-қазан ет асып, қатар-қатар аста-төк дастархан жайылады. Осы мәселеге келгенде түрлі діни пікірлер көбейді. Еліміздің тұңғыш мүфтиі бұл ғұрып шариғатымызда бар екенін айтқан.


«Жетісі, қырқы, жылы шариғатта бар. Ал бар болса, міндетті ма, жоқ ерікті ме деген сауал туады. Ерікті», - деген еді Рәтбек қажы Нысанбайұлы.


Ал танымал теолог, дін насихатшысы Арман Қуанышбаев ас беру деген шариғатымызда бар дейді. Алайда оның пікірінше, жетісін, қырқын, жылын өткізу шариғатта беліленбеген.


«Ананы да мынаны да жақтау емес мақсат. Бұл жерде шаиғаттың үкімі. Расында да қырқы, жылы деп белгіленбеген. Ол шариғатымызда жоқ нәрсе», - дейді теолог, ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Арман Қуанышбаев.


Осылайша бұл мәселеге қатысты пікір әртүрлі болып отыр. Осы себепті Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасынан ел арасында сіңісіп кеткен ғұрыптарға қатысты пікір сұрап көрген едік. Басқарманың пәтуа бөлімінің маманы жетісі, қырқы мен елуіне қатысты нақты бір үкімі жоқ дейді. Бірақ топырақты өлімді торқалы тойға айнылдырып жіберуге болмайды.


«Салт дәстүр ретінде қалыптасқан халықта. Яғни ол жердегі мақсат- жаназаға қатыса алмаған туған туыстарының, жора жолдастың бастарын қосып, сол жердегі көңіл айту», - деді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, пәтуә бөлімінің маманы Бөлтірік Мұхаммедияр.


Жалпы ел алдында уағыз айтатын имамдардың пікір қайшылығы бұған дейін де болған. Естеріңізге салсам, өткен жылы дінтанушы Ризабек Батталұлының мешітке жиналған жамағат алдында "шариғат әйелді ұруға рұқсат береді" деген уағызы әлеуметтік желіде біраз шу болған еді. Осындай жағдайлар қайталанбас үшін діни басқармасы имамдардың бірізділікпен сөйлеу, Құран аяттарын, хадистерін дұрыс жеткізу жыл сайын олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізіп келеді.


«Қазақстан бойынша 300-ге тарта насихат тобы бар. Біз әр жыл сайын имамдарымыздың, дін қызметкерлерінің біліктілігін арттырып отырамыз. Жалпы мынау шешендік өнер бойынша, мақала жазу бойынша», - деді ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы.


Діни басқарма мамандарының сөзінше, барлық имамның деңгейі бірдей емес. Кезінде кадрлар өте тапшы болды. Діннен, Құраннан аз-маз хабары барлар имам болып кете барды. Соның салдарынан өзі не білсе, соны айтып, көпшілік арасында насихаттап жүрді. Ал қазір дін насихатшыларына асығыстықпен пәтуа бермеуді, "Құран, хадис ақиқатты айтып тұр" деп барлық жерде айта беруге болмайтынын ескертіп келеді екен. 




Көрілген: 4819    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30