Ислам діні

«Астана» медресесіне колледж мәртебесі берілді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Астана медресесі» жеке мекемесі &ndash еңселі Елордамыздағы отандық діни мамандарды әзірлейтін білім ордасы.

 

2007 жылдың 1 шілдесінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған медресе бүгінгі күнге дейін 300-ден астам орта буынды дін мамандарын әзірледі.

 

Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни білім беру саласында бірқатар бастамаларды жүзеге асырып, медреселерді заманауи колледждермен терезесін теңестіріп, орта білімді маман дайындайтын оқу орындарына айналдырып үлгерді. Көштен қалмай, медреселердегі оқу жүйесі де Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендірілуде.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Астана медресесі мемлекеттік мекемелер тарапынан қойылатын барлық талаптарды орындап, осы жылдың қыркүйек айында «ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Астана медресе колледжі» жеке мекемесіне техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүргізу құқығына №KZ72LAA00018887 лицензия  және 011201 3 «Имам хатиб» біліктілігі бойынша лицензия қосымшасын иеленді.

 

Оқу орны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде «Исламтану» мамандарын дайындауды жүзеге асырады. Оқу орнындағы оқу процесі &ndash күндізгі. Жалпы орта білім негізінде нормативтік оқу мерзімі &ndash 2 жыл 10 ай. Астана медресе колледжінің құрылтайшысы &ndash Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 02:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 12:46
    Нарды ойнау харам ба?
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30