Ислам діні

Астанада "Дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға арналған Н.Назарбаев орталығы" құрылады

  • Астанада

    Астанада "Дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға арналған Н.Назарбаев орталығы" құрылады

Астанада «Дінаралық және өркениет аралық диалогты дамытуға арналған Н. Назарбаев орталығы» құрылады. Бұл туралы 19-20 қараша күндері БҰҰ Өркениеттер Альянсының Ғаламдық 8-форумына қатысқан Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице министрі Берік Арын мәлімдеді. Аталмыш шара алғаш рет БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткізіліп отыр.

Екі күндік форумның басты тақырыбы «Әлемді бірлесе қолдау және дау жанжалдарды тоқтатуға» арналған.

Форумның ашылу салтанатында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдуләзиз әл-Насер, БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының Төрағасы Мария Эспинос, Түркияның Сыртқы Істер министрі Мевлут Чавушоглу және тағы басқа елдердің айтулы тұлғалары қатысты.




Өз сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Өркениеттер Альянсының бейбіт, әділ, тұрақты қоғам құрудағы рөлінің ерекше екенін айта отырып, БҰҰ Бас Хатшысы «түрлі мәдениеттер мен дін өкілдерінің келісімге келіп, өзара үйлесімде, бір бірінен кемсітушілікті сезінбей өмір сүруі үшін жағдай жасауымыз керек» деп атап өтті.




Еліміздің Қоғамдық даму вице министрі Берік Арын өркениеттер түсінісуінде, дінаралық татулықты сақтауда Альянстың алар орны ерекше екенін айта отырып ұлтаралық, мәдениетаралық, дінаралық диалогты дамыту, әлемдік қауіпсіздікті сақтауға орай түрлі бағдарламалар мен жобаларды іске асыру, жастар мәселесі секілді еліміздің бастамалары БҰҰ Өркениеттер альянсының жұмысымен үндесіп отырғанына тоқталды. Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар нәтижесінде азаматтық қоғам құру, жастар, әйелдер мәселесінде, терроризм мен экстремизиммен күрес бағытында жұмыстар атқарыла беретінін жеткізді. Сондай-ақ Астанада «Дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға арналған Н. Назарбаев орталығы» құрылатынын және 2019 жылдың Қазақстанда жастар жылы болып белгіленгенін жеткізді.

Еске сала кетсек, 2005 жылғы 16 қарашада Қазақстан БҰҰ Өркениеттер альянсының Достар тобына қабылданған болатын. 2008 жылдан бастап еліміз екі жылда бір рет, әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін БҰҰ Өркениеттер альянсының әлемдік форумдарына белсене қатысып келеді.

 




Көрілген: 1534    Пікірлер: 0

жұма, 23.11.2018, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30