Ислам діні

Астарда, құдайы тамақтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды

  • Астарда, құдайы тамақтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды

    Астарда, құдайы тамақтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды

Қызылорда облысында құдайыларда, астарда сыбайлас жемқорлықтың зияндылығы туралы уағыздар айту туралы бастама көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл туралы аймақтағы түрлі діни ұйымдардың өкілдері қатысқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік" атты дөңгелек үстелде айтылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық ішкі саясат басқармасы және Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған шараның мақсаты - діни бірлестіктердің әлеуетін пайдалана отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтарды, оның ішінде жамағатты, діни қауым мүшелерін (прихожане) тарту. "Бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жетекші құрал бола алатын діннің қоғамдық процесстерге ықпалы жыл сайын артып келеді. Дін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыруда үлкен әлеуетке ие. Сондықтан Департамент тарапынан халық көп жиналатын орындарда, құдайыларда, астарда мен өзге де діни іс-шараларда жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды", - дейді департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев. Жиында сөйлеген Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов және Православтық шіркеу жетекшісі В.Иваншинин кісінің ақысын жеу, аманатқа қиянат жасау, пара беру мен пара алу, тіпті пара беруге үгіттеу де күнә екендігін айтты. "Түпкілікті мақсатымыз бен міндетіміз - халықты имандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке шақыру болғандықтан, халық арасында рухани адамгершілік пен адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттауда бірлесіп жұмыс жасауды бірауыздан қолдаймыз", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Абуов. Елімізде соңғы жылдары дінге бет бұрғандардың қатары артқан. Оның ішінде дін талаптарын ұстанатын жастар саны өскен. WIN/Gallup халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, елімізде өзін діни адаммын деп есептейтін азаматтардың үлесі 64 пайыз.

 




Көрілген: 783    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 17:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31