Ислам діні

Асығыс шешім шығарма!

  • Асығыс шешім шығарма!

    Асығыс шешім шығарма!

 Адам баласы үшін әр істе сабырлық таныту ауадай қажет. Орын алған құбылыстардың артында кейде сәтсіздіктер тұрса, кейде бағасыз нығметке ие болып жатамыз. Тіршілікте басқа түскен қайғы-мұңнан аһ ұрып, үмітсіздікке салына беру де жарамайды. Алла сүйген құлына жамандық қаламайды. Ақиқатында, әрбір істе қайыр бар. Өмірдегі ең маңызды нәрсе тек Ұлы Жаратушыға тәуекел етіп, ізгі амалдар жасау екендігі қисапсыз мысалдар арқылы алдымыздан кездесе бермек.


Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.):


«Есіңде болсын, бүкіл үмбет болып саған бір пайда бермек болса, олар тек Алланың саған маңдайыңа жазғанын ғана бере алады. Ал, егер саған бүкіл ел болып бір зиян тигізбек болса, Алланың саған маңдайыңа жазған (сынағындай ғана) зиянын тигізе алады. Тағдыр қаламы көтеріліп, жазылған парақтардағы сия кепкені қашан», - деген хадисін осыған мысал ретінде айтуға болады.

Әр істе шешім шығаруға асықпаңыз. Осы ретте мына бір ғибратты қиссаны айтып өткеніміз жөн болар.


Ерте кезде шалғай ауылдардың бірінде кедей ақсақал өмір сүрген екен. Бірақ, оған тіпті патшаның өзі де әуеспен қарайтын көрінеді. Себебі, ол кісінің аты аңызға айналған бір тұлпары болыпты. Патша сол атын қанша алтынға сұраса да сатуға көнбепті.


– Бұл жай тұлпар емес, менің досым. Адам өз досын сата ма екен?! – дейді екен.


Бір күні таңертең оянып қараса, әлгі аты жоғалып кетіпті. Ауылдастары айналасына топталып: «Ей, ақымақ шал, сені бәрібір жайыңа қоя салмайтынын білетін едің. Егер осы атыңды патшаға сатқаныңда өміріңнің соңына дейін жоқшылық не екенін білмеуші едің. Міне, енді атың да жоқ», – десіпті. Қария сәл кідіріп, былай депті: «Шешім шығаруға асықпаңдар, тек ат жоғалды, шындығы осы. Қалғаны сендердің болжамдарың ғана. Атымның жоғалуы бағым ба, сорым ба, бұл жағы тек Аллаға аян», – депті. Ауылдастары ақсақалдың бұл халіне күліп қоя салыпты. Арадан он бес күн өткен соң, жоғалған аты аяқ астынан келе қалады. Бірақ, өзімен бірнеше жабайы аттарды соңынан ерте келеді. Сонда әлгі адамдар кешірім сұрайды:


– Сіз дұрыс айтыпсыз, ақасақал. Атыңыздың жоғалуы бақытсыздық емес, сіз үшін ұлан-асыр пайда екен. Енді бір емес, бір үйір атыңыз бар.


– Шешім шығаруға тағы асығып тұрсыңдар, – депті ақсақал, – Белгілісі тек атымның қайтып келгені. Ары қарай не болуын ешкім білмейді.


Адамдар бұл жолы қарияны ашық түрде айыптамаса да, өз араларында «Бұл шалдың есі ауысқан секілді» деп күңкілдесіпті. Арадан бір апта өтпей жабайы аттарды қолға үйретіп жүрген ақсақалдың жалғыз ұлы құлап, аяғын сындырып алады. Отбасы нәпақасын тауып жүрген жігіт енді тұра алмастай төсекке таңылады. Көршілері әлгі қартқа: «Сен тағы да дұрыс айтыпсың. Сол аттардың кесірінен ұлың жәбірленді. Енді сендерді асырайтын ешкім қалмады ғой», – депті.


Қария: «Сендер шынында асығыс қорытынды шығара беретін ауруға душар болған секілдісіңдер. Неден сонша асығасыңдар?! Ұлымның аяғы сынғаны ғана шындық. Қалғаны сендердің даурығуларың», – деп, тағы да сабырлық танытады.


Арадан аз ғана уақыт өтіп, күтпеген жерден сол елді жау алады. Патша дереу қолына қару ұстай алатын барлық ер азаматтарға соғысқа аттануды бұйырады. Ауылға келген патшаның адамдары қарияның аяғы сынған ұлынан басқасының бәрін де әскерге әкетіп, бүкіл ауыл қара жамылады. Себебі, жеңіске жетуге деген үміт жоқ еді. Ауыл тұрғындары тағы да қарттың алдына келеді.


– Сіздің шын сөйлейтіңізге күмән қалмады, ақсақал, – деп бастапты: – Ұлыңыз аяғы сынық болса да жаныңызда. Ал, біздің перзенттеріміз енді ортамызға қайтып келмеуі де мүмкін. Ұлыңыздың аяғының сынуы бақытсыздықтан емес, керісінше, бағы болғандығынан екен.


Ақсақал олардың сөзіне әдеттегідей сабырмен жауап беріпті:


– Сендер, қашан да дереу шешім шығаруға асығасыздар! Ал, әрқашан көрініп тұрар ақиқат, алда болатын жайттардың ешкімге аян емес екендігі. Мәселен, қазіргі мәлім жағдай ұлымның қасымда екені ғана. Бірақ, бұлардың қайсыбірі бақ, қайсыбірі бақытсыздық екенінін тек бір Алла ғана біледі!


Қасиетті Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінде бұл жайт былай баяндалады:


«Бір жек көрген нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер».

Яғни, Аллаға иман келтіріп, тағдырға сенген мұсылман баласы өмірдің ақ пен қарасында асығыстық танытпай, сабыр сақтай білгені абзал... 


muftyat.kz




Көрілген: 1005    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30