Ауызашар беруге жағдайы жетпеген адамдар не істеу керек?

Ауызашар беруге жағдайы жетпеген адамдар не істеу керек?

Ауызашар беру – сауапты іс. Аузы берікті ауызашарға шақырсаңыз, ораза ұстаған адамның алатын сауабын сіз де аласыз. Аузы беріктің сауабынан да еш нәрсе кемімейді. Ал ауызашар беруге жағдайы жетпеген адамдар не істеу керек? Бұл сұраққа КТК арнасы жауап береді.

"Нұр-Мүбарак" ислам университетінің докторанты Қуат Қабдолда ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес екенін айтады.

"Шариғатымызда ондай міндет жоқ. Ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Бастысы – ниеті болса болғаны. Адам шама-шарқына қарай, қазақ айтпақшы, "Көрпеңе қарай көсіл" деген сияқты қарызданбай, мүмкіндігіңіз келгенше дастархан жаю керек. Ысырап жасамай, адам санына қарай жайған жөн", -деді ол.
Докторанттың сөзінше, Рамазан айында сауаптар еселенеді екен.

"Рамазан айында Алланың алдында ең ұнамды іс – ауыз аштыру. Сахабалардың көбі кедей болған, бірақ байлар аз болған. Сонда "Біз ауыз аштыра алмасақ қайтеміз?" деген сұраққа, Пайғамбарымыз: Бір құрмамен немесе сумен болса да ауыз аштыруға болады. "Құрма да алып бере алмасақ қайтеміз?" деген сұраққа "қара су берсін" деген. Яғни, қазір қарап отырсақ, Рамазан айында сауапты шаш етектен жинайтыны-ай. Өйткені Рамазан - сегіз жәннаттың есіктері ашылған ай деп айтылатын себебі, осы айда сауаптар көп болып еселеніп барады.
Періштелер соны қабылдап үлгере алмағандықтан, сегіз жәннаттың есігі айқара ашылып тұрады екен. Бұл айда нәтіл амалдың өзі парыз амалдай, парыз амалын жасасаң, 70 есеге дейін, қысқасын айтқанда 700 есеге дейін істеген істеріңізді Алла тағала көтереді. Мұның сауабын Алла өзі береді, Оразаның сауабын да Алла өзі береді.
Сондықтан ораза тұтқан адамның сауабын алу үшін бір қорапша құрманы мешітке апарып, қанша адам бір талдан жесе, сонша адамның сауабын аласыз. Немесе мешітке су апарып беріңіз. Ауыз суды құмыраға құйып, мешітке әкеп: ауыз ашуға әкелдім десеңіз, қаншама адам ауыз тисе, соншама сауап аласыз. Ал енді шамасы келгендер ауызашарға дастархан жайып шақырса, өз еркі, ниеті. Тіпті бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады", -деді Қуат Қабдолда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста