Әй, мұсылман баласы, ешқашан бос отырушы болма!

Әй, мұсылман баласы, ешқашан бос отырушы болма!

Мұсылман адам бос отырудан сақтанғаны дұрыс. Қолы қалт етсе, кітап оқып білімін арттыруға, аят, хадис, дұға жаттауға, ата-ананың алдындағы міндеттерін орындауға, туыстарын зиярат етуге, жетім-жесір, кедей-кембағалдарға көмектесуге, жақсылық жасауға, мамандығын жақсы игеруге, қазалары мен қарыздарын өтеуге, араз адамдардың арасын татуластыруға, т.б. мәнді әрі пайдалы істерге жұмсауға дағдыланған дұрыс. Өйткені, мұсылманның түсінігінде өмір − шектеулі, уақыт − қысқа.

Алла елшісі бұл турасында былай деген:

«Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл:

Өлмей тұрып өмірдің,

Ауырмай тұрып денсаулықтың,

Қартаймай тұрып жастықтың,

Кедейленбей тұрып байлықтың,

Көп жұмысқа тап болмай тұрып бос уақыттың қадірін біл!» (Әбу Нуаймнан).

Адамзаттың ардақты ұстазы хазірет Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ешқашан қолы бос отырмаған. Айша анамыз (р.а.) бұл жайлы «Үй ішінде ешқашан қолы бос отырғанын көрмедім» деген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қолы босап қалуы мүмкін емес те еді. Өйткені, Жаратушы Иеміз оған

 

«Босағаныңда дереу қайта жұмысқа кіріс. Раббыңа құлшылық жаса» (Шарх сүресі, 7-аят)демеп пе еді?! Бұл барша мұсылмандарға да берілген бұйрық. Яғни, «Әй, мұсылман! Ешқашан бос отырушы болма! Бір істі бітірсең, екіншісін баста. Діннің бір амалын бүтіндесең, дүниелік бір ісіңмен айналыс. Дүниелік бір ісіңді тәмамдасаң, діни бір амалды қайта қолыңа ал. Тәннің бір қажеттілігін өтесең, жанның бір азығын қамда. Өз ісің бітсе, жақындарыңды еске ал. Содан кейін қоғамның, мұсылман үмбетінің қажетіне жарайтын іс қыл. Сонда сенде бос уақыт деген болмайды» дегендік.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста