Ислам діні

Аяқ киіммен намаз оқуға болады ма?

  • Аяқ киіммен намаз оқуға болады ма?

    Аяқ киіммен намаз оқуға болады ма?

Ассаламу алейкум! Қыс айларында кейде жұма намазын мешіттің сыртында оқуға тұра келеді. Күн суық болғандықтан, аяқ киімді шешпейміз. Сіздерден осы жайында сұрайын деген ем, суық тигізіп алмау үшін аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?


Жауап
Уа алейкум ассалам!

Амр бин Шұғайыб әкесінен және атасынан риуаят етеді: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) жалаң аяқ және аяқ киімде намаз оқығанын көрдім».

Ал, Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) мынадай жайтты риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) аяқ киімін шешкен соң, адамдар да кебістерін шешті. Пайғамбар (с.ғ.с.) намазын бітіріп: «Кебістеріңді неге шештіңдер?» – деп сұрады. Адамдар: «Сіздің шешкеніңізді көріп, біз де шештік»[1], – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Маған Жәбірейіл келіп, аяқ киімімде бір жаман нәрсе барын жеткізді. Сендер мешітке келсеңдер, аяқ киімдеріңнің табанына қараңдар. Жаман нәрсе (нәжіс) болса жерге ысқылап, онымен (кебісті шешпей-ақ) намаз оқи беріңдер»[2].

Түйіндей айтқанда, суық күндерде аяқ киіммен намаз оқуға рұқсат етіледі. Ең бастысы, аяқ киімнің табанында нәжіс болмауы керек. Нәжіс болған күннің өзінде қарға немесе басқа нәрсеге тазалап алған соң оқи беруге болады.

 




Көрілген: 1421    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31