Ислам діні

"Аямайтын": Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді

  • "Аямайтын": Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді

Елордада ИГИЛ* террористік ұйымның құрамында болған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында айыпталушылардың бірі Аманжол Жансеңгіров өз жолдастарынан қалай айырылғанын баяндады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымының Жансеңгіровтің сөзіне сүйеніп хабарлауынша, ер адам бас кезінде көп нәрсені түсінбеген. Әкімдікте жұмыс істепті. Одан кейін ислам косметикасын сатуымен айналысқан. Артынан видеонасихаттарды көріп, Шам еліндегі мұсылмандарға көмектесуге бел буған. Ал шетелге отбасымен бірге аттанған.


Бірақ жұбайына мәселенің мән-жайын орта жолда ғана айтыпты. Ал қақтығыс аймағына барғанда қатты өкінген.


Себебі жауласып жатқан топтар көп және әрбіреуі өз мүддесін көздейді. Соғыста да барлығы бірдей алдыңғы шепке шыға бермейді екен.


"Біз шетелден келгеннен кейін көп нәрсені білмедік. Сосын түсіндік. Түсінгеніміз, ирактық әмірлер бізді шеттететін, араб болмағасын көп сене бермейді. Олар "аманиятқа", яғни қауіпсіздік қызметіне көбінесе өз туыстарын алатын. Ал шетелден келгендерді аямайтын, сәл күдік болса, "тыңшысың" деп атып тастайтын", - дейді Амнжол Жансеңгіров.

Сондай-ақ, сот отырысы кезінде ер адам бірнеше оқиғаны еске түсірген. Сол жақта оның лақап аттары - Әли-Абдулла, Абабдулла-Ақтөбе және Әбдірахман-Астана атты жезғазғандық, ақтөбелік және астаналық үш жолдасы болыпты.


"Бір төртеуіміз жол іздейміз деп келістік. Әли-Абдулла ылғи интернетке шығып жүретін. Ал интернетке шығу оңай емес, белгілі бір жерлер болатын. Соның бәрін қауіпсіздік қызметі бақылап отырды. Бір күні жезқазқандық досымды жаңағы қызмет ұстап алды да, еліне қашқысы келген тыңшысын деп, атып тастады", - дейді Жансеңгіров.

Бір жылдан кейін үшеуі тағы қашудың амалын іздейді. Олар Түркияға барып, консулдан көмек сұрауды көздейді. Алайда оған жету үшін ақша қажет болған. Жансеңгіров қаражат іздейді. Бірақ таба алмаған.


"Содан мен Абабдулла-Ақтөбе мен Әбдірахман-Астанаға ақша таппағанымды айттым. Олар күте алмаймыз деді. Сөйтіп, қашып бара жатқан жерінен аманиятқа ұсталды. Екі айдан кейін оларды да атып тастады. Мен оны көріп, қатты қорықтым", - деп есіне алды Аманжол Жансеңгіров.

*ДАИШ, ИГИЛ – Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым


Источник: Sputnik Казахстан 




Көрілген: 2863    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30