Ислам діні

ӘЙЕЛ ЗАТЫНАН НЕГЕ ПАЙҒАМБАР КЕЛМЕГЕН?

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Жер жүзіне көптеген пайғамбарлар келген. Бір хадисте жалпы пайғамбарлардың саны 124 мың делінсе, басқа бір хадисте 224 мың делінуде. Сондықтан, жалпы жер бетіне жіберілген пайғамбарлардың нақты саны бізге беймәлім. Құранда жиырма сегіз пайғамбардың аты аталғанымен, үшеуінің пайғамбар болып-болмауына қатысты ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар. Пайғамбарлар тек қана араб түбегіне келмеген. Барлық жерге, әр түрлі қауымдарға арнайы пайғамбарлар жіберілген.

 

     Адамзаттың жаратылу мақсаты -  Ұлы Жаратушыны тану, оған ғибадат етіп, өзіне жүктелген төл міндетін болғандықтан, бұларды түсіндіру үшін адамзатқа пайғамбардың жіберілуі үлкен қажеттілік. Себебі, жаратылыстағы осы ұлы мақсатты адам баласының жалаң ақылымен қатесіз тауып, хақ пен нахақты уахидің көмегінсіз ажыратып түсінуі, әсте мүмкін емес. Адамның бүгін тура дегені ертең қате шығып жататындығы да, міне, сондықтан.

 

     «Исра» сүресінде былай делінеді: «Біз пайғамбар жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз» (15-аят). Яғни, пайғамбар жіберілмеген қауымдарды азаптау &ndash Ұлы жаратушының шексіз рақымдылығына қайшы. Алла Тағала арғы дүниеде әрбір жаманшылықтың есебін алып, күллі ізгіліктің сый-сыяпат, қарымын беретін болғандықтан, барша адамзатқа арнайы пайғамбар жіберген.

 

   Құранда: «Ескертуші пайғамбар келмеген ешбір үмбет жоқ» делінеді. Демек, Адам атадан бастап көптеген елшілер пайғамбарлық міндетімен жер бетін нұрландырып, адамзатқа ақиқаттың пердесін ашып отырған. Кейбір зерттеушілердің сөзіне құлақ салсақ, Африканың мәдениеттен, білімнен бейхабар, тіпті араларындағы кәрі кісілердің етін жеуді әдетке айналдырған кейбір қараңғы тайпаларының сенімдерінде «Алла жалғыз, Оның серігі жоқ. Егер екі Құдай болса, алып жүйе бұзылады», «Жаратушы тумады да туылмайды» сияқты, Құран білдірген ақиқаттарға сайма-сай ережелердің бар екенін айтуда. Демек, мұндай жалаң ақылмен біліне бермейтін ұлы ақиқаттарды бір уақыттарда сол тайпаларға жіберілген пайғамбарлар жеткізген болса керек.

 

       Әйелден пайғамбар келіп-келмеу мәселесіне тоқталар болсақ, «әһлі-сүннет уәл-жәмағат» ғалымдарының көпшілігі әйел затынан пайғамбар келмегендігі жайлы бір көзқараста.

 

   Құранда: «Сенен бұрын  да біз уахи етілген тек еркектерді пайғамбар етіп жібердік. Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» - делінеді. Себебі, әйел тегінен пайғамбардың келгендігін білдіретін шариғи нақты дәлел жоқ. Негізінде, әйел затынан пайғамбардың келмеуі оларды кемсіткендік емес. Хақ Тағала жаратылыстағы барлық нәрсені бір-бірін тәмамдап, толықтыратындай кейіпте жаратқан. Сондықтан, әйелдің мейірімділігі мен нәзіктігі еркектің күштілігі мен қуаттылығы әрдайым бір-бірін толықтырып, бірігулеріне жағдай жасауда. Соңғы ғасырларда қолдан әйел болмысын еркекке айналдыру &ndash оның өз еріне бағынбай, қарсы шығуына әкеп соқты. Шынтуайтында, жанұямен қатар қоғамда әйел затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де киелі орны бар. Дүниеге сәби әкелу &ndash еркектің қолынан келер іс емес. Ол &ndash тек әйелдің еншісіне бұйырған қастерлі міндет. Ұрпаққа керекті тәлім-тәрбиені беріп, қоғамға пайдалы азамат өсіруден артық та абзал міндет жоқ. Міне, осы міндет те &ndash тікелей ананың мойнындағы қасиетті борыш. Әйел заты өз болмысына жарасымды міндетін ұмытып, еркекке ұқсауға тырысқан күннен бері ұрпақ саны азайып, тіпті сол аз ғана ұрпақтың өзі тәрбиеден алшақтап, қоғамда келеңсіз жайттар көптеп орын ала бастады. Ендеше, әйел затына пайғамбарлық міндеттің жүктелмеуі &ndash оның адами деңгейінің төмендігінен емес, керісінше, ерекше жаратылысы мен нәзік табиғатына тікелей байланысты.

 

      Пайғамбарлық &ndash өте ауыр міндет. Пайғамбарлық жүктелген жан қашанда қауіп-қатер мен небір қиыншылықтардың бел ортасында жүреді. Ол &ndash соңынан ергендерге әр істе өнеге болып, жол көрсететін көшбасшы көсем тұлға. Ол &ndash керек кезінде атқа мініп, жауға қарсы шабатындай тайсалмайтын батыр, майданда шұғыл шешім қабылдап, ел қорғайтын дана қолбасшы.

 

       Сөз түйіні, әйел тегінен пайғамбар келмегенімен, барша пайғамбарлар мен ұлы тұлғаларды дүниеге әкелгендердің әйелдер екені даусыз.

 

 

mazhab.kz




Көрілген: 2830    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.12.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31