Ислам діні

Әйелдердің тырнақ өсіруіне қатысты шариғат не дейді

  • https://www.olx.kz/

    https://www.olx.kz/

Шариғат әйелдерді әрдайым күтініп жүруге және ерлері үшін сәнденуге шақырады. Алла елшісі: «Түнде үйлеріңе оралғанда ескертусіз кірмеңдер,  әйелдерің үсті-бастарын реттеп, шаштарын тарап алсын»-дейді.

 

Шариғат әйеліне ұнамды болу үшін ер адамға да өз-өзіне қарап жүруді бұйырады. Ибн Аббас: «Алла Тағала Құранда айтқандай жұбайым мен үшін сәнденгеніндей,  мен де ол үшін сәнденемін»-дейді.

 

Тағы бір хадисте: «Әйелдің міндеттері сияқты, құқықтары да бар» - делінеді.

 

Алайда Шариғатта бұл айтылғандардың шегі жоқ деп ойламау керек. Жұбайлардың бір-бірлері үшін сәнденулері келесі ережелерге сай болуы тиіс:

 

Бұл қас жұлу, пирсинг салдыру сияқты Шариғатқа қайшы әрекет болмауы керек.

 

Бояу тыйым салынған және зиянды ингредиенттерден тұрмауы керек.

 

Бұл басқа конфессиялардың айрықша белгілері болмауы тиіс.

 

Бұл күнәһарлардың ерекше белгісі болмауы тиіс.

 

Сәндену бөгде адамдар емес, әр әйелдің өз еріне ұнауы үшін жасалуы қажет.

 

Ал тырнаққа келсек, Алла елшісі тырнақты әр кез алып отыруды бұйырған. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тырнақ алып отыратын уақыт аралығын да белгілеп берген. Алла елшісі мұрт пен тырнақты, жыныс мүшелері мен қолтық астындағы түкті қырық күнде бір рет алып отыруды бұйырады. Тырнақты алу – сүннет. Ең дұрысы тырнақты аптасына бір рет алып отыру. Ал еш себепсіз қырық күннен астам уақытта алу да орынсыз

 

 

 

Ihsan.kz




Көрілген: 2603    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.06.2021, 18:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30