Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Айша анамыздың хадис риуаятшысы болғаны рас па?

15 желтоқсан 2022, 15:36

Жалпы исламда тақуа, ғалым, тіпті әулие болған әйел адамдар көп. Айша анамыз осы ғалымдардың қатарына жатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Хадистерді риуаят қылған сахабалардың арасында Айша анамыздың (р.ғ.) алар орны ерекше. Кейінгі мұсылман ұрпақтарына хадис жеткізуде анамыздың атқарған ролі үлкен десек артық болмас. Ол кісі екі мыңнан аса хадисті риуаят қылып «муксирун» (мыңнан астам хадис хадисты риуаят қылған кісілерге айтылады) сахабалардың қатарына кірген.

 

Айша анамыздың пайғамбардан (с.ғ.с.) хадис жеткізудегі кейбір ерекшеліктерін төмендегі реттілікпен көрсетуге болады:

 

– Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмірлік жары, анамыз;

 

– «муксирун» риуаятшылардың қатарына жатады;

 

– пайғамбардан (с.ғ.с.) тәлім алған;

 

– әйелдерге тән фиқһ мәселелерін жеткізді және т.б.

 

Расында да ислам діні енді тарқап, адамдар жаңадан дінді қабылдап жатқан уақытта, әсіресе әйел кісілер өздеріне қатысты фиқһ мәселелерін келіп, тікелей пайғамбардан (с.ғ.с.) сұрауға ұялатын.

 

Сондықтан да олар өмірде өздерін мазалаған мәселелерге қатысты Айша анамыздан сұрап үйренетін.