«Әзірет Сұлтан» мешітінде Алматыдағы оқиға кезінде қаза тапқандарға Құран бағышталады

10 қаңтар 2022, 09:52

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде елімізде болған қайғылы оқиғадан қаза тапқан сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың рухына арнайы Құран аяты бағышталады.

 

«Хатым дұғасын 10 қаңтар күні сағат 13:00-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бағыштайды»,-делінген мешіттің баспасөөз қызметі таратқан хабарламада.

 

 

ҚазАқпарат