БӘЛЕ-ЖАЛАДАН ҚОРҒАЙТЫН ДҰҒА

14 желтоқсан 2021, 13:24

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Мүмин кісі қиыншылыққа душар болған бауырына көңіл айтса, Алла Тағала оған қиямет күні керемет киімдер кидіреді». (Сүнән ибн Мажа)

Имам Раббани (қ.с.) шәкірттерімен жолаушылап келе жатып демалу үшін бір керуен сарайға тоқтайды. Шәкірттеріне “Бүгін мына жерде бір кесапат орын алып, жұрттың бәріне кесірін тигізетінін көріп тұрмын. Жігіттер бір-біріне хабарласын. Бәрі; «Бисмил-ләһил-ләзи лә иәзұррұ мә-асмиһи шәйун фил-арзи уәлә фис-сәмә уә һүуәс-самиғ ул-азим» - дұғасын қайталап оқитын болсын. Өйткені бұл дұғаны оқыған адамның Алла Тағаланың ізгілігі арқылы өзіне және мал-мүлкіне кесір тимейді” дейді.

Айтқанындай кешікпей керуен сарайда өрт шығады. Жұрт қанша арпалысқанмен өртті сөндіре алмайды. Көбінің дүние-мүлкі отқа оранып күл болады. Мүридтерінен Мәулана Абдулмүмин Лахоридің де заттары өрттеніп, өзі әрең аман қалады.

mazhab.kz

Имам Раббани (қ.с.) алдына келеді. Имам Раббани (қ.с.) “Ешкім сендерге оқу керек болған дұғаны айтпады ма?” деп сұрайды. “Жоқ, ұстазым” дейді. Имам Раббани хабар бермеген шәкірттеріне кейіп, “Қашан болмасын бұл дұғаны оқығанның өзі де, малы да аман қалады” дейді.