Ислам діні

Бас мүфти апат болған ауылға барды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы апат болған аймақ – Ақмола облысы Шортанды ауылына барып, қаралы үйде марқұмдардың рухына Құран аятын бағыштап, сабырға шақырды.

 

 

Расында, адам баласы жаратылған сәттен бастап түрлі сынақтарды бастан кешіп келеді. Әрине, халқымыз айтқандай, «тас түскен жеріне ауыр». Болған іске болаттай берік болайық. Апат айтып келмейді. Ажалға амал жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы қайғыларыңызға ортақ. Еліміздегі мұсылман қауымы да марқұмдарға Жаратқаннан жарылқау тілеуде. Біз сіздерге әрқашан көмек беруге дайынбыз. Алла Тағала бұл сынақтың соңын жақсылыққа алмастырғай. Ауруханада ауыр хәлде жатқан жандардың дертіне Алла шипа берсін. Әмин,-  деді Наурызбай қажы Тағанұлы.  

 

 

Айта кетсек, жуырда Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқыс оқиға 3 пәтерлі тұрғын үйде болған. Газ баллонының жарылуы салдарынан 3 пәтерлі жеке үй өртеніп, оның бір бөлігі құлаған. Үйінді астынан 3 адамның денесі табылды. Оның біреуі кәмелетке толмаған бала.

 

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайғылы жағдайға байланысты марқұмдардың отбасына қаржылай көмек көрсетті.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 1455    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 21:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31