Ислам діні

Бас мүфти: "халал" түсінігі модаға айналып кетті

  • © Максим Богодвид

    © Максим Богодвид

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз халал өнімдерге қатысты келеңсіз жайттардың көбейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы "халал" сөзі мұсылман термині екенін атап өтті.


"Менің ойымша, "халал" термині тағамның тазалығына байланысты қолданылады. Қазір Қазақстан мұсылмандар одағы діни қауымдастығы жанында халал өнімдерді стандарттау және сертификаттау арнайы бөлімі мен үлкен кәсіпорын жұмыс істейді", - дейді Серікбай қажы Ораз.


Оның айтуынша, елімізде халал сертификаттарын беретін 1 мыңнан астам кәсіпорын бар.


Сондай-ақ, бас мүфти халал өнімдерге қатысты келеңсіз жайттарды атады.


"Халал" түсінігі кейбір адамдар үшін модаға айналып кеткен сияқты. Бір азамат елге визитка таратып жүр. Өзін "халал адвокатпын" дейді. Оны қалай түсінеміз? Тегін жұмыс істейсіз бе, сіздің басқа адвокаттардан қандай айырмашылығыңыз бар" деп сұрадым. "Халал" термині бірінші кезекте азық-түлікке қатысты. Енді бір азамат "халал СТО" деп жазып қойыпты. Ол халал болса, халық бара бере ме? Тіпті, біреу суға "халал" деп жазыпты. Суға ешкім халал сертификатын бере алмайды. Судың халал мәселесіне қатысы жоқ. Айта берсек, келеңсіз жағдайлар көп", - деді Серікбай қажы Ораз.


Сондай-ақ, ол халал өнімдері Қазақстан мұсылмандар одағы діни қауымдастығы жанындағы халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау орындарында тексерістен өтетінін айтты.


"Тұрмыстық заттардың халалға ешқандай қатысы жоқ. "Халал" түсінігі терең зерттеуді талап ететін сала", - деп түйіндеді сөзін бас мүфти.


 




Көрілген: 991    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 20:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31