Ислам діні

Бас мүфти «Қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгерту туралы ұсыныс тастады

  • Бас мүфти «Қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгерту туралы ұсыныс тастады

    Бас мүфти «Қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгерту туралы ұсыныс тастады

Кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды көпшілік орындарында жазылған «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырды.

Бұл туралы діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын.

«Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді, – делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.




Көрілген: 959    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31